Құжат мәтініне өту

Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области

Қаулы · № 212 · қабылданған 28.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-186643/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 212 ·28.09.2023
28.09.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 212 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
212
Қабылданған күні
28.09.2023
Көрсетілген редакция
28.09.2023 186643_657950.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23V000212M
ЭКБ идентификаторы
186643
Редакция идентификаторы
186643_657950
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:34

0 Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы

«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 03/462 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес сібір жібек көбелегімен (Dendrolіmus sіbіrіcus Chetverіkov) зақымданған алқаптар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.

2 2. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

6 Шығыс Қазақстан облысы аумағында сібір жібек көбелегімен (Dendrolіmus sіbіrіcus Chetverіkov) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы

Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2023 жылғы «28» қыркүйектегі
№ 212 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы аумағында сібір жібек көбелегімен (Dendrolіmus sіbіrіcus Chetverіkov) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы

Ауылдық округтердің және елді мекендердің атауы
Жер учаскесінің тиесілігі
Зақымданған алаң, гектар
Катонқарағай ауданы
1
Алтынбел ауылдық округі
«Үлкен Нарын орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
3
Құрғақ Майемер учаскесі, өзге мақсаттағы жерлер
4
Аудан бойынша барлығы
7

Қолданыстағы