Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Кокпектинского района области Абай
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Кокпектинского района области Абай
- Атауы (қаз.)
- Абай облысы Көкпекті ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 300
- Қабылданған күні
- 26.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2023 186644_655749.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23FJ012818
- ЭКБ идентификаторы
- 186644
- Редакция идентификаторы
- 186644_655749
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:39
0 Абай облысы Көкпекті ауданының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18-бабының 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес, азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2
2. «Азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Көкпекті ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 159 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8691 нөмірімен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Абай облысы Көкпекті ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Абай облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Даурен Бакытжанович Койгельдинге жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
8 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 300 Көкпекті ауданы
әкімдігінің қаулысына
1- қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1 1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы және орынбасары (стационарлық, жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар, үйде қызмет көрсететін ұйымдар, уақытша болу ұйымдары).
2
2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейіргер, диета жөніндегі мейіргер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларды және 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер, емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі инструктор, мәдени ұйымдастырушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, логопед, психолог.
3 3. Педагогикалық қызметшілер және соларға теңестірілген тұлғалар, оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, дефектолог, тәрбиеші, әдіскер.
12 Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
2023 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 300 Көкпекті ауданы
әкімдігінің қаулысына
2-қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1 1. Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекеме және қазыналық мәдениет кәсіпорны, бөлім, филиал басшылары мен басшысының орынбасары.
2
2. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: барлық атаудағы әртістер, музыкалық жетекші, кітапханашы, экскурсовод, режиссер, мәдени ұйымдастырушы, жаттықтырушы, инструктор, мейіргер, медициналық бике/аға, барлық атаудағы суретшілер, инспектор, әдістемеші, қор сақтаушысы, хореограф, барлық мамандағы мұғалімдер.