Об использовании автомобильной дороги (участка) общего пользования республиканского значения Кокшетау – Петропавловск на платной основе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об использовании автомобильной дороги (участка) общего пользования республиканского значения Кокшетау – Петропавловск на платной основе
- Атауы (қаз.)
- Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Көкшетау – Петропавл ақылы негізде пайдалану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8
- Қабылданған күні
- 21.09.2023
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2025 186674_742712.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033479
- ЭКБ идентификаторы
- 186674
- Редакция идентификаторы
- 186674_742712
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:43
0 Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Көкшетау – Петропавл ақылы негізде пайдалану туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) I-б, ІІ санаттағы Астана – Петропавл, Көкшетау арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Көкшетау – Петропавл 304+000 километр (бұдан әрі – км) – 473+000 км учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) пайдаланылатыны;
2
2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: «Щучинск - Бурабай - Щорса-Ильичевка» аудандық маңызы бар автомобиль жолының «Щорса – Ильичевка» учаскесі, «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға қарай)» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Ильичевка – Чкалово» учаскесі, «Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалово» облыстық маңызы бар автомобиль жолының «Чкалово – Тайынша» учаскесі, «Астрахан-Смирново-Қиялы-Тайынша» облыстық маңызы бар автомобиль жолының «Тайынша – Қиялы – Смирново» учаскесі, «Смирново – Трудовое – Тоқшын» облыстық маңызы бар автомобиль жолы, «Ресей Федерациясының шекарасы (Челябинскіге) - Ресей Федерациясының шекарасы (Новосибирскіге), Петропавл, Омбы арқылы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Тоқшын – Петропавл» учаскесі;
3 3) ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –304+000 км, ақылы жолдың (учаскесінің) соңғы пункті – 473+000 км;
4 4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
5 5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – I-б, ІI санатты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолы бойынша қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 2 және 1 белдеу;
6 6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 169 км;
7 7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес айқындалатыны;
8 8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
9 9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
1 Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2023 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 8 Бұйрығына
1-қосымша
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр
Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы
Зеренді ауданы
329 км
Алексеевка ауылы
Тайынша ауданы
347 км
Обуховка ауылы
357 км
Драгомировка ауылы
359 км
Иван-город ауылы
365 км
Богатыровка ауылы
367 км
Келеровка ауылы
369 км
Розовка ауылы
373 км
Кременчуг ауылы
376 км
Липовка ауылы
381 км
Нагорное ауылы
381 км
Красная поляна ауылы
389 км
Сарыбай ауылы
393 км
Қиялы ауылы
Аққайын ауданы
417 км
Рублевка ауылы
425 км
Арал-Ағаш ауылы
442 км
Ленское ауылы
443 км
Смирново ауылы
Қызылжар ауданы
459 км
Чапаево ауылы
463 км
Трудовая нива ауылы
2 Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
2023 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 8 бұйрығына
2-қосымша
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
I-б, ІІ санатты Астана – Петропавл, Көкшетау арқылы республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Көкшетау – Петропавл 304+000 километр (бұдан әрі-км) – 473+000 км учаскесі:
айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК)
№ Р/с
Аймақтар
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
1
304 – 314 км (10 км)
0,0186
0,0159
0,0377
0,0321
0,0564
0,0479
0,0753
0,0641
0,0941
0,0800
2
314 – 354 км (40 км)
0,0744
0,0635
0,1507
0,1282
0,2257
0,1917
0,3013
0,2564
0,3763
0,3199
3
354 – 367 км (13 км)
0,0242
0,0206
0,0490
0,0417
0,0733
0,0623
0,0979
0,0833
0,1223
0,1040
4
367 – 450 км (83 км)
0,1543
0,1317
0,3126
0,2660
0,4682
0,3977
0,6252
0,5321
0,7809
0,6638
5
450 – 473 км (23 км)
0,0428
0,0365
0,0866
0,0737
0,1298
0,1102
0,1733
0,1474
0,2164
0,1839
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (169 км)
0,3142
0,2681
0,6365
0,5417
0,9534
0,8099
1,2730
1,0834
1,5899
1,3516
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін
1
3
4
5
6
7
Абоненттік төлемнің құны
1 АЕК
2 АЕК
3 АЕК
4 АЕК
5 АЕК
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін
1
3
4
5
6
7
Абоненттік төлемнің құны
12 АЕК
24 АЕК
36 АЕК
48 АЕК
60 АЕК
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.
3 Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2023 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 8 Бұйрығына
3-қосымша
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с №
Елді мекеннің атауы
Зеренді ауданы
1
Обуховка ауылы
Тайынша ауданы
2
Иван-город ауылы
3
Богатыровка ауылы
4
Келеровка ауылы
5
Кременчуг ауылы
6
Липовка ауылы
7
Сарыбай ауылы
Аққайын ауданы
8
Рублевка ауылы
9
Ленское ауылы
Қызылжар ауданы
10
Чапаево ауылы
11
Трудовая ауылы