Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан и отдельного структурного элемента постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан

Қаулы · № 79 · қабылданған 29.09.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-186888/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан и отдельного структурного элемента постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 79 ·29.09.2023
29.09.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан и отдельного структурного элемента постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 79 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений Правления Национального Банка Республики Казахстан и отдельного структурного элемента постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының жекелеген құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
79
Қабылданған күні
29.09.2023
Көрсетілген редакция
29.09.2023 186888_657218.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033513
ЭКБ идентификаторы
186888
Редакция идентификаторы
186888_657218
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:33

0 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының

кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының жекелеген құрылымдық элементінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының жекелеген құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем балансы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

0 Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының жекелеген құрылымдық элементінің тізбесі

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2023 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 79 Қаулыға
қосымша
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының жекелеген құрылымдық элементінің тізбесі

1 1. «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18539 болып тіркелген).

2

2. «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 257 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19778 болып тіркелген).

3

3. «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 40 және «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 113 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26008 болып тіркелген) 2-тармағы.

Қолданыстағы