Құжат мәтініне өту

Некоторые вопросы обеспечения жильем работников центральных аппаратов государственных органов, передислоцированных в город Астану

Қаулы · № 1316 · қабылданған 22.12.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1869/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Некоторые вопросы обеспечения жильем работников центральных аппаратов государственных органов, передислоцированных в город Астану Күшін жойған Қаулы ·№ 1316 ·22.12.1998
02.07.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Некоторые вопросы обеспечения жильем работников центральных аппаратов государственных органов, передислоцированных в город Астану

Күшін жойған Қаулы ·№ 1316 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Некоторые вопросы обеспечения жильем работников центральных аппаратов государственных органов, передислоцированных в город Астану
Атауы (қаз.)
Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1316
Қабылданған күні
22.12.1998
Көрсетілген редакция
02.07.2013 AI1869_3.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P980001316_
ЭКБ идентификаторы
1869
Редакция идентификаторы
AI1869_3
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:24

0 Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 673 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық органдарын оңтайландырудың жүргізілуіне және олардың қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудың қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1 1. Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараттарына ауыстыру тәртібімен басқа жерлерден жұмысқа қабылданған қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 377-26 және 1998 жылғы 3 тамыздағы N 736-56 қаулылары қолданылатын болсын.

Аталған қызметкерлерге, мемлекеттік органдарда құрылған Комиссиялар шешімдерінің негізінде, Алматы қаласынан көшіп келген қызметкерлерге арнап бөлінген лимиттің шеңберінде ведомствоішілік бөлуден жұмсалмай қалған бюджеттік несие болған жағдайда, тұрғын үйін сатып алуы үшін бюджеттік несие берілуі мүмкін.

2 2. Астананың әкімі Тұрғын үй департаментінің мемлекеттік органдар орталық аппараттарының өздеріне берілген қызметтікке теңестірілген тұрғын үйін бюджеттік несиенің есебінен сатып алатын қызметкерлеріне құқық белгілейтін құжат ретінде сатып алу шартын беруін қамтамасыз етсін.

📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.27. N 567
қаулысымен.

3

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі алдағы қаржы жылында 1998 жылдың республикалық бюджетінен мемлекеттік органдар орталық аппараттарының қызметкерлеріне бюджеттік несие беруге арнап бөлінген және қызметкерлерге қызметтікке теңестірілген тұрғын үйлердің берілмеуіне байланысты бөлінбей қалған сомалардың мақсатқа сай пайдаланылуына мүмкіндік берсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1

1) "Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және астананың Ақмола қаласына көшірілуіне байланысты қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерінің тұрғын үйді сатып алуының және республикалық бюджет ақшасының есебінен тұрғын үйді сатып алуға, сондай-ақ салу мен алуға несие берудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 377-26 қаулысына:
аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және астананың Ақмола қаласына көшірілуіне байланысты қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерінің тұрғын үйді сатып алуының және республикалық бюджет ақшасының есебінен тұрғын үйді сатып алуға, сондай-ақ салу мен алуға несие берудің тәртібі туралы ережеде:
2-тармақтағы "мемлекеттік қызметте" деген сөздер "басқа мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметте, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 мамырдағы N 623 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметтерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "мемлекеттік қызметте" деген сөздер "басқа мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметте, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 мамырдағы N 623 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметтерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақта:
екінші абзацтағы "мемлекеттік қызметте" деген сөздер "басқа мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметте, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 мамырдағы N 623 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметтерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
алтыншы абзац "оның бір данасы қызметкерге беріледі" деген сөздермен толықтырылсын;

2

2) "Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және астананың Астана қаласына көшірілуіне байланысты қоныс аударған мемлекеттік органның орталық аппараты қызметкері мен жұмыс беруші мемлекеттік органның арасындағы шартқа (келісім-шартқа) үлгілік қосымша келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 тамыздағы N 742-57 қаулысына:
аталған қаулымен бекітілген Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және астананың Астана қаласына көшірілуіне байланысты қоныс аударған мемлекеттік органның орталық аппараты қызметкері мен жұмыс беруші мемлекеттік органның арасындағы шартқа (келісім-шартқа) қосымша келісімде:
1.2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін" деген сөздер "Республикалық бюджет есебінен ұсталатын және астананың Ақмола қаласына көшірілуіне байланысты қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерінің тұрғын үйді сатып алуының және республикалық бюджет ақшасының есебінен тұрғын үйді сатып алуға, сондай-ақ
салу мен алуға несие берудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 377-26 қаулысында көзделген" деген
сөздермен ауыстырылсын.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы