Кіру
Құжат мәтініне өту

Об установлении ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 3-р · қабылданған 09.10.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-186933/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған Өзге акт ·№ 3-р ·09.10.2023
13.12.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении ограничительных мероприятий

Күшін жойған Өзге акт ·№ 3-р · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3-р
Қабылданған күні
09.10.2023
Көрсетілген редакция
13.12.2023 186933_674549.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NSE0003B
ЭКБ идентификаторы
186933
Редакция идентификаторы
186933_674549
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:26

0 Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Ұзынкөл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 4 қазандағы № 231 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

1. Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Киров ауылы мекенжайы бойынша орналасқан «Олжа Ряжское» ӨК Алабұға жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келесім бойынша), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай обылысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ұзынкөл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Ұзынкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

3. «Киров ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Келісілді
«Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министіргі
ветеринарлық бықылау және
қадағалау Комитетінің Ұзынкөл
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің
басшысының міндетін атқарушы
___________________ Р. Канапин
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министірлігі санитарлық -
эпидемиологиялық бақылау комитеті
Қостанай облысының санитарлық-
эпидимеологиялық бақылау департементінің
Ұзынкөл аудандық санитарлық-
эпидимеологиялық бақылау басқармасы»
республикалық мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________________ Б. Ахметвалеев

Қолданыстағы