О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Шымкент
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Шымкент
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2466
- Қабылданған күні
- 05.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 05.10.2023 186943_657417.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23E0019317
- ЭКБ идентификаторы
- 186943
- Редакция идентификаторы
- 186943_657417
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:28
0 Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шымкент қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) «Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы №473 қаулысы (Шымкент қаласының Әділет департаментінде №118 тіркелген);
2
2) «Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы №473 «Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасарына, орынбасарларына, қала әкімінің аппарат басшысына, Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары әкімдеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 тамыздағы №1582 қаулысы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде №29224 тіркелген).