Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Жалгыскан Карасуского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Жалгыскан Карасуского района
- Атауы (қаз.)
- Қарасу ауданы Жалғысқан ауылының аумағындағы шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 10.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 10.10.2023 186990_658995.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23NM00005B
- ЭКБ идентификаторы
- 186990
- Редакция идентификаторы
- 186990_658995
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:24
0 Қарасу ауданы Жалғысқан ауылының аумағындағы шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
2023 жылғы 3 қазандағы № 01-24/308 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының ұсынысы негізінде, Жалғысқан ауылының әкімі ШЕШТІ:
1 1. Қарасу ауданы Жалғысқан ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллезінің эпизоотиялық ошағына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Қарасу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті санитариялық-ветеринариялық іс-шараларын жүргізу ұсынылсын.
3 3. «Жалғысқан ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1
1) осы шешімнің қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2 2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛЕСІЛДІ
«Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау комитеті
Қостанай облысы санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаментінің Қарасу аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________________________ Д. Аппазов
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және қадағалау
комитетінің Қарасу аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
________________________ Н. Қаппасов