Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий

Өзге акт · № 8 · қабылданған 06.10.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 28.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-187121/on/2026-08-28/
Басып шығарылды 2026-08-28 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий Қолданыста Өзге акт ·№ 8 ·06.10.2023
06.10.2023 редакциясы
28.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий

Қолданыста Өзге акт ·№ 8 · 28.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий
Атауы (қаз.)
Шектеуді алып тастау туралы іс-шаралар
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8
Қабылданған күні
06.10.2023
Көрсетілген редакция
06.10.2023 187121_658899.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NQI0008B
ЭКБ идентификаторы
187121
Редакция идентификаторы
187121_658899
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:27

0 Шектеуді алып тастау туралы іс-шаралар

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 01-20/281 ұсынуы негізінде ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің Дубинка ауылының аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

2 2. Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 6 «Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округі әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы шешімге қол қойылған күнінен бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау комитеті Қостанай
облысының санитариялық -
эпидемиологиялық бақылау
департаменті Сарыкөл аудандық
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекеме басшысы
______________ С. Ибраева
2023 жылғы «____» __________
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетiнiң
Сарыкөл аудандық аумақтық
инспекциясы» мемлекеттік
мекемесі басшысының м.а.
______________ А. Торопилин
2023 жылғы «____» ________

Қолданыстағы