Аудандық мәслихаттың регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 9 бабы мен 8 бабының 3 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, аудандық Мәслихаттың сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қосымша берілген аудандық мәслихаттың жұмыс регламенті бекітілсін.
Аудандық мәслихаттың регламентін бекіту туралы от 12.01.2004 г. № 11/4 (Аудандық мәслихаттың регламентін бекіту туралы)
2004 жылғы 12 қаңтардағы
3-шақырылған аудандық мәслихатты
4- сессиясының «Аудандық мәслихатты
Регламенті туралы» № 11/4 шешіміме
БЕКІТІЛГЕН
Ақтоғай аудандық Мәслихаттың
РЕГЛАМЕНТІ
(3 - шақырылған)
1. Жалпы ережелер
1. Аудандық мәслихат (жергілікті өкілді орган) – ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
2. Мәслихат аппараты – тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.
3. Мәслихат сессиясы – мәслихат қызметінің негізгі нысаны.
4. Мәслихат сессиясының төрағасы – мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық – билік ету қызметі жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамды.
2. Мәслихаттың сессиясы
5. Мәслихат өз өкілеттілігін сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.
6. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады. Онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешіледі. Егер мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен екісі сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
7. Мәслихат:
1) мәслихат сессиясының төрағасын, мәслихат хатшысын сайлайды және қызметінен босатады, олардың есептерін тыңдайды;
2) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметінен босатады, олардың жұмысы туралы есепті тыңдайды;
3) мәслихаттың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды тексеру комиссиясының актілерін бекітеді;
4) заңдарда белгіленген адам саны мен қаражат лимиті шегінде мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді және оны ұстауға әрі материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды.
5) мәслихаттың регламентін бекітеді;
6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды;
7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнінде өзге де шешімдер қабылдайды.
8. Жаңадан сайланған мәслихаттың бірінші сессиясын осы мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үшін болған ретте, мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
9. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ әкімінің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер қаралуы мүмкін.
10. Мәслихат хатшысы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ, сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкімге – сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және әкімге – сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді.
3. Мәслихат сессиясының төрағасы
11. Мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен сайланады.
12. Мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы аудандық мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттілігін мәслихат хатшысы жүзеге асырады.
Аудандық мәслихат депутаты аудандық мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
13 Мәслихат сессиясының төрағасы:
1) мәслихат сессиясының шақыру туралы шешім қабылдайды;
2) мәслихат сессиясын әзірлеуге басшылық жасауды жүзеге асырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады;
3) мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) мәслихаттың сессиясында қабылданған немесе бекітілген мәслихаттың шешіміне, хаттамаларға, өзге құжаттарға қол қояды.
Мәслихат сессиясының төрағасы өз қызметін басқа жұмыстан босатылмаған негізде жүзеге асырады.
4. Мәслихаттың хатшысы
14. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депуттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкілеттігі мерзімін сайланады.
15. Аудандық мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.
Мәслихат депутаты, мәслихат хатшысына ұсынылған кандидатуралар туралы ұсыныстар жөнінде, пікір білдіруге құқылы.