Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 569
- Қабылданған күні
- 13.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.10.2023 187208_658667.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23UG00569A
- ЭКБ идентификаторы
- 187208
- Редакция идентификаторы
- 187208_658667
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:21
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69 баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қаупсіздік комитеті шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінің хатын қарап, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қаупсіздік комитеті шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментіне, талшық-оптикалық байланыс желілерін жүргізу үшін, Мақтаарал ауданы аумағынан 11,06 гектар жерлердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.