Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 10.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2024 187219_715584.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23NN00002B
- ЭКБ идентификаторы
- 187219
- Редакция идентификаторы
- 187219_715584
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:25
0 Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 - бабы 1 - тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48 - бабына және 50 - бабы 2 - тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы», Қостанай ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссиясының 2023 жылғы 04 қазандағы № 8 кезектен тыс отырысының хаттамасымен ШЕШТІ:
1 1. Қостанай облысы Қостанай ауданы Мәскеу ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2 2. Жоғарыда аталған аумақта жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс - шаралар жүргізілсін.
3 3. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшысы болып Қостанай ауданы әкімінің орынбасары Сабитов Данияр Кайратович тағайындалсын.
4 4. «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілсін;