Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Кокпектинского района

Ереже · № 7-6/4 · қабылданған 11.10.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-187306/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Кокпектинского района Қолданыста Ереже ·№ 7-6/4 ·11.10.2023
11.10.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Кокпектинского района

Қолданыста Ереже ·№ 7-6/4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Кокпектинского района
Атауы (қаз.)
Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7-6/4
Қабылданған күні
11.10.2023
Көрсетілген редакция
11.10.2023 187306_659183.kaz
Соңғы өзгеріс
11.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23FJ00764M
ЭКБ идентификаторы
187306
Редакция идентификаторы
187306_659183
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:23

0 Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса берiлiп отырған Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау қағидалары бекiтiлсiн.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау қағидалары

Көкпекті аудандық мәслихатының
2023 жылғы 11 қазандағы
№ 7-6/4 шешімімен
бекітілген
Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi
қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын
үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау
қағидалары

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Көкпекті ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32894 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді және Көкпекті ауданының аумағында ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – ауыл, кент, ауылдық округ, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

2 2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Ауылдық округтің әкімі ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

6 6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

7 7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

9 9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары сандық құрамда 100 тұрғынға 1 өкіл ұсынады.

10 10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

11 11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

1 1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

2 2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

3 3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

4 4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

5 5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Қолданыстағы