Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 430
- Қабылданған күні
- 17.10.2023
- Қолданысқа енгізілген күні
- 20.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.10.2023 187317_659388.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23GE00430A
- ЭКБ идентификаторы
- 187317
- Редакция идентификаторы
- 187317_659388
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:18
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 баптарына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қордай ауданы, Сұлутөр ауылдық округі аумағындағы жалпы көлемі 0,1507 гектар жер учаскесін «Азиялық Газқұбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне магистралды газқұбырының үстінен өтетін өткелдердің құрылысын салу үшін, жер пайдаланушылардан алып қоймай 30 (отыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2 2. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Қордай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулының оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
7 Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
Қордай ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 17 қазандағы №430
қаулысына қосымша
Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі
№
Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары
Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га
1
Қордай ауданы, «Әділ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері
0,0202
2
Қордай ауданы, Аденов Алиби Байжановичтің шаруа қожалығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері
0,0169
3
Қордай ауданы, Картабаев Муратхан Бексултановичтің шаруа қожалығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері
0,0202
4
Қордай ауданы, Смагулов Мурат Катарбаевичтің шаруа қожалығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері
0,0211
5
Қордай ауданы, Акилов Асхат Бекеновичтің шаруа қожалығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері
0,0542
6
Қордай ауданының мемлекеттік жер қорындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлері
0,0181
Барлығы
0,1507