Об установлении границ некоторых сел Шакпакского сельского округа Жуалынского района Жамбылской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении границ некоторых сел Шакпакского сельского округа Жуалынского района Жамбылской области
- Атауы (қаз.)
- Жамбыл облысы Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округінің кейбір ауылдарының шекараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 296
- Қабылданған күні
- 13.10.2023
- Қолданысқа енгізілген күні
- 07.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 13.10.2023 187467_660927.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23GD005100
- ЭКБ идентификаторы
- 187467
- Редакция идентификаторы
- 187467_660927
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:20
0 Жамбыл облысы Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округінің
кейбір ауылдарының шекараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 10) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылының шекараларының жалпы көлемі 1109,479 гектар болып белгіленсін.
2. Шақпақ ауылдық округі Т.Дүйсебайұлы ауылының шекараларының жалпы көлемі 1009,2798 гектар болып белгіленсін.
3. Шақпақ ауылдық округі Ынтымақ ауылының шекараларының жалпы көлемі 357,978 гектар болып белгіленсін.
4. Шақпақ ауылдық округі Амансай ауылының шекараларының жалпы көлемі 1349,8366 гектар болып белгіленсін.
5. Осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және аудандық мәслихаттың әкімшілік-аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.