О внесении изменений в некоторые акты Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые акты Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 384
- Қабылданған күні
- 20.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2023 187515_660982.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2300000384
- ЭКБ идентификаторы
- 187515
- Редакция идентификаторы
- 187515_660982
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:14
0 Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 20 қазандағы
№ 384 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1 1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
8-тармақта «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат саласындағы жұмысты үйлестіретін орынбасары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында:
мына жолдар:
«Бәшімов
Марат Советұлы
–
заң ғылымдарының докторы, профессор, төраға (келісім бойынша)»,
«Лукин
Андрей Иванович
–
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)»
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Бәшімов
Марат Советұлы
–
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, төраға (келісім бойынша)»,
«Лукин
Андрей Иванович
–
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)»;
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат саласындағы жұмысты үйлестіретін орынбасары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссия туралы ережеде:
8-тармақта «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамында:
мына жолдар:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – төрағаның орынбасары»,
«Лукин Андрей Иванович – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)»
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі – төрағаның орынбасары»,
«Лукин Андрей Иванович – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)».
3 3. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкімінде:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің құрамында:
мына жолдар:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат жөніндегі орынбасары, Кеңес төрағасы»,
«Ақылбай Серік Байсейітұлы – «Қазақстанның заңгерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)»
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Кеңес төрағасы»,
«Ақылбай Серік Байсейітұлы – «Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы (келісім бойынша)».
___________________________