Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы

Бұйрық · № 758 · қабылданған 23.10.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-187621/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Қолданыста Бұйрық ·№ 758 ·23.10.2023
23.10.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы

Қолданыста Бұйрық ·№ 758 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
758
Қабылданған күні
23.10.2023
Көрсетілген редакция
23.10.2023 187621_661632.kaz
Соңғы өзгеріс
23.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033574
ЭКБ идентификаторы
187621
Редакция идентификаторы
187621_661632
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:12

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
2023 жылғы 23 қазандағы
№ 758 бұйрығына
қосымша
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

1 1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 998 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12679 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістерінде:
26-тармақ алып тасталсын.

2

2. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 671 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17724 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларында:
27-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы №211 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидалары және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздеріне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20123 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы.».

3 3. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының басшы лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 210 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20138 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының басшы лауазымдарының тізбесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер және оның ведомстволары бойынша:
1) мекеме бастығы;
2) мекеме бастығының орынбасары;
3) бөлім, бөлімше бастығы;
4) кезекші бөлімнің бастығы;
5) бөлім бастығының орынбасары;
6) бөлімше бастығы.».

Қолданыстағы