Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов
- Атауы (қаз.)
- Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 51/01
- Қабылданған күні
- 20.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2024 187698_717370.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23KD651009
- ЭКБ идентификаторы
- 187698
- Редакция идентификаторы
- 187698_717370
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:13
0 Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Балқаш қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Балқаш қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Балқаш қалалық
сайлау комиссиясы
5 Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Балқаш қаласының әкімдігінің
2023 жылғы 20 қазандағы
№ 51/01
қаулысына 1-қосымша
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1
Балқаш қаласы
Абай және Ағайынды Мусиндер көшелерінің қиылысындағы ақпараттық тақта
2
Балқаш қаласы
З. Сабитова шағын ауданы № 34 үйдің оң жағындағы ақпараттық тақта
3
Балқаш қаласы
Бөкейханов және Абай көшелерінің қиылысындағы ақпараттық тақта
4
Балқаш қаласы
Русаков шағын ауданы № 9 үй маңындағы ақпараттық тақта
5
Балқаш қаласы
Қоңырат шағын ауданы, Русаков көшесі № 9 үйдің оң жағындағы ақпараттық тақта
6
Балқаш қаласы
Балқаш-1 станциясының теміржол вокзалдың әкімшілік ғимараттың алдындағы ақпараттық тақта
7
Балқаш қаласы
С. Мухамеджанов шағын ауданы № 5 үйдің артында ақпараттық тақта
8
Балқаш қаласы
Алимжанов көшесінің бойында ақпараттық тақта
9
Балқаш қаласы
Қараменде Би көшесінің бойында № 15 «А» ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта
10
Балқаш қаласы
С.Сейфуллин көшесі № 67 ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта
11
Балқаш қаласы
№10 шағын аудан № 19 үйдің артқы жағындағы ақпараттық тақта
12
Балқаш қаласы
Уалиханов көшесіндегі № 19 ғимарат алдындағы ақпараттық тақта
13
Саяқ кенті
«Горняк» клубы ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта
14
Гүлшат кенті
Клуб ғимараты алдындағы ақпараттық тақта
15
Гүлшат кенті
Шұбар-Түбек елді мекенінің Центральная көшесіндегі №37 үйдің сол жағындағы ақпараттық тақта
16
таратылған Торанғалық ауылы
Абай көшесіндегі жалпы білім беретін орта мектептің жанындағы ақпараттық тақта
1 Балқаш қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Балқаш қаласының әкімдігінің
2023 жылғы 20 қазандағы
№ 51/01
қаулысына 2-қосымша
Балқаш қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір
қаулыларының тізбесі
1
1. Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы №48/04 «Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың орнын белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі №8-4-254);
2
2. Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №08/02 «Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы №48/04 «Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың орнын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі №3020);
3
3. Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 16 ақпандағы №09/01 «Балқаш қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 01 желтоқсандағы №48/04 «Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын және сайлаушылармен кездесу өткізетін үй-жайлардың орнын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі тіркеу нөмірі №6360-09).