О внесении дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 396
- Қабылданған күні
- 02.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2023 187899_662169.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2300000396
- ЭКБ идентификаторы
- 187899
- Редакция идентификаторы
- 187899_662169
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:02
0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
2 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 2 қарашадағы
№ 396 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1 1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысы мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, әскери қызметші ойын мекемесіне барудан тартынуға тиіс.».
2 2. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде:
6-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну.».
3 3. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексінде:
7-тармақ 15) тармақшадағы «пайдалануға тиіс.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартынуға тиіс.».
______________________