О внесении дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 396
- Қабылданған күні
- 02.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2023 187899_662169.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2300000396
- ЭКБ идентификаторы
- 187899
- Редакция идентификаторы
- 187899_662169
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:02
0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 2 қарашадағы
№ 396 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысы мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
«12-1. Қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, әскери қызметші ойын мекемесіне барудан тартынуға тиіс.».
2. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде:
6-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну.».
3. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексінде:
7-тармақ 15) тармақшадағы «пайдалануға тиіс.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартынуға тиіс.».
______________________