О признании утратившими силу структурного элемента решения и некоторых решений Мунайлинского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу структурного элемента решения и некоторых решений Мунайлинского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімінің құрылымдық элементінің және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6/39
- Қабылданған күні
- 23.10.2023
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2023 187942_662299.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23MG463212
- ЭКБ идентификаторы
- 187942
- Редакция идентификаторы
- 187942_662299
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:13
0 Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімінің құрылымдық элементінің және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімінің құрылымдық элементінің және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Мұнайлы аудандық мәслихатының күші жойылған шешімінің құрылымдық элементінің және кейбір шешімдерінің тізбесі
Мұнайлы аудандық мәслихатының
2023 жылғы 23 қазандағы
№ 6/39
шешіміне қосымша
Мұнайлы аудандық мәслихатының күші жойылған шешімінің құрылымдық элементінің және кейбір шешімдерінің тізбесі
1 1. «Мұнайлы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №20/223 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2414 болып тіркелген).
2 2. «Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 шілдедегі №3/37 шешіміне қосымшаның 1-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3135 болып тіркелген).
3
3. «Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №21/264 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3564 болып тіркелген).
4 4. «Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №32/341 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3736 болып тіркелген).
5
5. «Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №32/341 «Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 қазандағы №45/438 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4001 болып тіркелген).
6 6. «Мұнайлы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 қарашадағы №47/448 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4050 болып тіркелген).
7
7. «Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №21/264 «Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі №21/129 шешімі.