Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қаулы · № 1810 · қабылданған 25.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-187994/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста Қаулы ·№ 1810 ·25.08.2022
25.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қолданыста Қаулы ·№ 1810 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Атауы (қаз.)
Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1810
Қабылданған күні
25.08.2022
Көрсетілген редакция
25.08.2022 187994_663325.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NA01810A
ЭКБ идентификаторы
187994
Редакция идентификаторы
187994_663325
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:27

0 Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер комиссиясының 2022 жылғы 21 шілдедегі № 837 қорытындысы, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 947 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Елена Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне коммуналдық және инженерлік жеткізу желілерін жобалау, жүргізу үшін Қостанай қаласы, Толстой көшесі, 32 құрылыс мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,5631 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы