Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории района Байдибек
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории района Байдибек
- Атауы (қаз.)
- Бәйдібек ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 453
- Қабылданған күні
- 02.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2023 188018_662943.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23UE639913
- ЭКБ идентификаторы
- 188018
- Редакция идентификаторы
- 188018_662943
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:01
0 Бәйдібек ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Бәйдібек ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бәйдібек ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2
2. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы №469 «Бәйдібек ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5957 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бәйдібек ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Бәйдібек ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
2023 жылғы 2 қарашадағы
№ 453 Қаулысына қосымша
Бәйдібек ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Стационарлық емес сауда объектілерінің нақты орналасу орындары
Алатын алаңы (шаршы метр)
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі
(жыл)
Қызмет саласы
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
1
Ағыбет ауылдық округі, Ағыбет елді мекені, Талдыбұлақ көшесі, № 1 үйдің оң жағында
100
5
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
жоқ
2
Ақбастау ауылдық округі, Ақбастау елді мекені, Бейбітшілік көшесі, «Мейрамбек» азық-түлік дүкеніне қарама-қарсы
150
5
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
«Мейрамбек» дүкені
3
Алғабас ауылдық округі, Шақпақ елді мекені, С.Әбдіжаппаров көшесі,
«ҚАЗПОШТА» акционерлік қоғамының Түркістан облыстық филиалы
Бәйдібек аудандық почта байланыс торабы Шақпақ ауылдық почта байланыс бөлімшесі» ғимаратына қарама қарсы
200
5
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
жоқ
4
Алмалы ауылдық округі, Жарықбас елді мекені, Дарбаза көшесі, №13 үйдің сол жағында
200
5
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
жоқ
5
Бөген ауылдық округі, Шалдар елді мекені, Ә.Қасымбеков көшесі,
«Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Шалдар» ауылдық мәдениет үйі» ғимаратына қарама қарсы
500
5
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
«Нұр- мейір» дүкені
6
Борлысай ауылдық округі, Ақтас елді мекені, Н.Тойжанов көшесі, «Қуаныш-ата» азық-түлік дүкенінің сол жағында
250
5
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
«Қуаныш ата» дүкені
7
Боралдай ауылдық округі, Боралдай елді мекені, Ә.Жұмаділләұлы көшесі, № 2/1 үйдің сол жағында
1000
5
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
«Мақсат»
дүкені
8
Боралдай ауылдық округі, Жоғарғы Боралдай елді мекені, Төлеби көшесі «ҚазМұнай Газ» жанар-жағармай құю бекетіне қарама-қарсы
280
5
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
жоқ
9
Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл елді мекені, А.Айнақожа көшесі, Бәйдібек аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің Жамбыл ауылдық округі №105 учаскелік полиция пунктінің сол жағында
400
5
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
жоқ
10
Көктерек ауылдық округі, Кеңестөбе елді мекені, З.Қапалбаев көшесі, № 2 ашық спорт алаңының оң жағында
270
5
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
«Береке»
дүкені
11
Мыңбұлақ ауылдық округі, Мыңбұлақ елді мекені, А.Ералиев көшесі, №30/1 машина жөндеу орталығының сол жағында
400
5
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
«Бақыт»
дүкені
12
Шаян ауылдық округі,
Шаян елді мекені, М.Әуезов көшесі, «Тәуелсіздік» алаңы аумағында
2000
5
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
«Роза»
дүкені
13
Шаян ауылдық округі, Шаян елді мекені, Б.Қарашаұлы көшесі, «Балалар аллеясына» қарама-қарсы
300
5
Азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар
«Қанағат»
дүкені