Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Свердловского сельского округа Денисовского района Костанайской области

Ереже · № 71 · қабылданған 08.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-188098/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Свердловского сельского округа Денисовского района Костанайской области Қолданыста Ереже ·№ 71 ·08.11.2023
08.11.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Свердловского сельского округа Денисовского района Костанайской области

Қолданыста Ереже ·№ 71 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Свердловского сельского округа Денисовского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
71
Қабылданған күні
08.11.2023
Көрсетілген редакция
08.11.2023 188098_662858.kaz
Соңғы өзгеріс
08.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NH00071M
ЭКБ идентификаторы
188098
Редакция идентификаторы
188098_662858
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:56

0 Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қоса біріліп отырған Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін;

2 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін;

3

3. Қостанай облысы Денисов ауданы мәслихатының 2022 жылғы 10 тамыздағы № 73 шешімі «Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешімі жойылсын.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары

Мәслихаттың
2023 жылғы 8 қарашадағы
№ 71 шешіміне
1-қосымша
Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес әзірленді және Свердлов ауылдық округінің ауылдары тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары - ауыл, ауылдық округ, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

2 2) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2 2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Свердлов ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдарға, көшелер) бөлінеді.

4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5 5. Свердлов ауылдық округінің әкімі Свердлов ауылдық округінің ауылдары, көшелері шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

6

6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары шақырылатын уақыт, орын және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын Свердлов ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

7 7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Свердлов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Свердлов ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

9 9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Свердлов ауылдық округінің ауыл, көше тұрғындары үшін өкілдерінің кандидатураларын Денисов аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

10 10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

11 11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін Свердлов ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

1 1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

2 2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

3 3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

4 4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

5 5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

26 Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Мәслихаттың
2023 жылғы 8 қарашадағы
№ 71 шешіміне
2-қосымша
Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауылдар мен көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің Свердловка ауылы тұрғындары үшін
4
Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің Подгорное ауылы тұрғындары үшін
2
Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов ауылдық округінің Приречное ауылы тұрғындары үшін
1

Қолданыстағы