Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах транспортировки лома и отходов черных металлов

Бұйрық · № 64 · қабылданған 08.11.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-188148/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О некоторых вопросах транспортировки лома и отходов черных металлов Күшін жойған Бұйрық ·№ 64 ·08.11.2023
21.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах транспортировки лома и отходов черных металлов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 64 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах транспортировки лома и отходов черных металлов
Атауы (қаз.)
Қара металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
64
Қабылданған күні
08.11.2023
Көрсетілген редакция
21.02.2024 188148_684751.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033618
ЭКБ идентификаторы
188148
Редакция идентификаторы
188148_684751
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:57

0 Қара металдар сынығы мен қалдықтарын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі-Шарт) 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Мынадай теміржол өткізу пункттері: «Жайсан» (Ақтөбе облысы), «Ақсу» (Қостанай облысы) және «Ауыл» (Абай облысы) арқылы әкетуді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан теміржол көлігінің түрімен: Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0 – қоспалы болаттың, құрамында массасы бойынша 8 пайызы немесе одан көп никель бар коррозияға төзімді болаттың қалдықтары мен сынықтарын, 7204 21 900 0 – өзгелерін, 7204 29 000 0 – өзгелерін қоспағанда) ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7204 – қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын, қайта балқытуға арналған қара металдардың құймаларын (шихта құймаларын), бұрын қолданыста болған құбырларды, рельстерді, теміржол төсемі мен жылжымалы құрамның элементтерін: ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 7302 – теміржол немесе трамвай жолдары үшін пайдаланылатын қара металдардан жасалған бұйымдарды, рельстерді, қарсы рельстерді және тісті рельстерді, ауыспалы рельстерді, тұйық қиылыс айқаспаларды, ауыспалы штангаларды және өзге көлденең қосылыстарды, шпалдарды, түйіспе жапсырмалар мен төсемдерді, сыналарды, тірек тақталарын, ілгекті рельс бұрандаларын, төсемдер мен созғыштарды, тұғырларды, көлденең жақтаулар мен рельстерді қосуға немесе бекітуге арналған өзге де бөлшектерді, 7303 00 – шойынды құймадан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді, 7304 – жіксіз, қара металдардан жасалған құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді (шойынды құймадан басқа), мұнай немесе газ құбырлары үшін құбырларды, 7305 – дөңгелек қималы, сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден астам, қара металдардан жасалған құбырларды және өзге де түтіктерді (мысалы, дәнекерленген, шегеленген немесе ұқсас тәсілмен біріктірілген), мұнай немесе газ құбырлары үшін құбырларды, 7306 – қара металдардан жасалған өзге де құбырларды, түтіктерді және қуыс профильдерді (мысалы, жігі ашық немесе дәнекерленген, шегеленген немесе ұқсас тәсілмен біріктірілген), мұнай немесе газ құбырлары үшін құбырларды, 8607 – теміржол локомотивтерінің немесе трамвайдың моторлы вагондарының немесе жылжымалы құрамның бөліктерін, арбаларды, осьтерді және доңғалақтарды және олардың бөліктерін әкетуге алты ай мерзімге шектеу енгізілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті, Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасау кезінде өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы