Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесін құру туралы от 18.02.2004 г. № 15 (Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесін құру туралы)
1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі құрылсын (бұдан әрі - Кеңес), оның құрамы Жаңақала аудандық Мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
2. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі туралы ұсынылып отырған Ереже бекітілсін (жалғанды).
3. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы "Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесін құру туралы" N 2 қаулысы жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (З. Сисенғали) жүктелсін.
Аудан әкімдігінің
2004 жылғы 18 ақпандағы
N 15 қаулысымен
бекітілген
Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-Кеңесші орган болып табылады (бұдан әрі - Кеңес).
2. Кеңестің құрамына денсаулық сақтау, қаржы, ауыл шаруашылығы, білім бөлімдерінің, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бекеті, редакция, аумақтық басқарма өкілдері енеді.
3. Туберкулезбен күресу жөніндегі Кеңес:
1) туберкулезбен күресуді ұйымдастыру мәселелері жөніндегі ауылдың округтер мен мекемелердің қызметін үйлестіріп отыруға қатысады;
2) жергілікті жерде алдын ала тексеру жүргізіп және жергілікті жердегі жағдайды зерттей отырып, туберкулезбен күресудің жай-күйі туралы денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мал дәрігерлік, ішкі істер және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттарын тыңдайды.
4. Кеңес мәжілісі тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Жұмыс жоспарын Кеңес мәжілісі бекітеді.
5. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды аудандық денсаулық сақтау бөлімі жүзеге асырады.