Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесін құру туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық Үйлестіру Кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі құрылсын (бұдан әрі - Кеңес), оның құрамы Жаңақала аудандық Мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі туралы ұсынылып отырған Ереже бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 3
3. Жаңақала ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 22 қаңтардағы "Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесін құру туралы" N 2 қаулысы жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (З. Сисенғали) жүктелсін.
Басқа 5. Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 18 ақпандағы N 15 қаулысымен бекітілген Туберкулезбен күресу жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1
1. Туберкулезбен күресу жөніндегі аудандық үйлестіру Кеңесі аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-Кеңесші орган болып табылады (бұдан әрі - Кеңес).
Тармақ 2
2. Кеңестің құрамына денсаулық сақтау, қаржы, ауыл шаруашылығы, білім бөлімдерінің, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бекеті, редакция, аумақтық басқарма өкілдері енеді.
Тармақ 3
3. Туберкулезбен күресу жөніндегі Кеңес:
Тармақша 1
1) туберкулезбен күресуді ұйымдастыру мәселелері жөніндегі ауылдың округтер мен мекемелердің қызметін үйлестіріп отыруға қатысады;
Тармақша 2
2) жергілікті жерде алдын ала тексеру жүргізіп және жергілікті жердегі жағдайды зерттей отырып, туберкулезбен күресудің жай-күйі туралы денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мал дәрігерлік, ішкі істер және басқа да мемлекеттік органдардың ақпараттарын тыңдайды.
Тармақ 4
4. Кеңес мәжілісі тоқсан сайын өткізіліп тұрады. Жұмыс жоспарын Кеңес мәжілісі бекітеді.
Тармақ 5
5. Кеңес жұмысын ұйымдастыруды аудандық денсаулық сақтау бөлімі жүзеге асырады.