Об утверждении перечня специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий в городе Усть-Каменогорске
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня специально отведенных мест для размещения афиш культурных, спортивных и спортивно-массовых мероприятий в городе Усть-Каменогорске
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3620
- Қабылданған күні
- 07.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 07.11.2023 188214_663661.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23VA891316
- ЭКБ идентификаторы
- 188214
- Редакция идентификаторы
- 188214_663661
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:57
0 Өскемен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық
іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесін бекіту туралы
«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Өскемен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі
Өскемен қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 7 қарашадағы
№ 3620 қаулысымен
бекітілген
Өскемен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық
іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы
бөлінген орындардың тізбесі
Р/с №
Өскемен қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың орналасқан жері
1.
Островский көшесі, № 20/1 үй, Өскемен қаласы әкімдігінің «Самғау» мәдени қызметті және жаппай спортты дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында
2.
Е. П. Славский атындағы жағалау, № 22 үй, Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында
3.
М. Горький көшесі, № 54 үй, Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орталық балалар кітапханасы ғимаратының алдында
4.
Гагарин бульвары, № 24/1 үй, Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 2 филиалы ғимаратының алдында
5.
Бажов көшесі, № 343/3 үй, Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 7 филиалы ғимаратының алдында
6.
М. Горький көшесі, № 11 А үй, Өскемен қаласы әкімдігінің «Аумақтық басқару орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №11 филиалы ғимаратының алдында
7.
Садовая көшесі, № 15 үй, Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 12 филиалы ғимаратының алдында
8.
Тохтаров көшесі, № 47А үй, Шығыс Қазақстан мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан өнер мұражайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында