О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Шемонаихинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Шемонаихинского района
- Атауы (қаз.)
- Шемонаиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 377
- Қабылданған күні
- 10.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 10.11.2023 188217_663622.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23VS891216
- ЭКБ идентификаторы
- 188217
- Редакция идентификаторы
- 188217_663622
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:51
0 Шемонаиха ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шемонаиха ауданы әкімдігі кейбір қаулылыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.А.Раимбековаға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Әкімдіктің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2023 жылғы 10 қарашадағы
№ 377 Қаулысына
қосымша
Әкімдіктің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1) «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталарын белгілеу туралы» 2021 жылғы 2 наурыздағы № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8428 болып тіркелген).
2) «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 298 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7980 болып тіркелген).
3) «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 356.
4) «Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 356 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 3 қыркүйектегі № 333.