Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах транспортировки сжиженного нефтяного газа

Бұйрық · № 401 · қабылданған 13.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-188254/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О некоторых вопросах транспортировки сжиженного нефтяного газа Қолданыста Бұйрық ·№ 401 ·13.11.2023
21.11.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах транспортировки сжиженного нефтяного газа

Қолданыста Бұйрық ·№ 401 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах транспортировки сжиженного нефтяного газа
Атауы (қаз.)
Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
401
Қабылданған күні
13.11.2023
Көрсетілген редакция
21.11.2023 188254_666295.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033630
ЭКБ идентификаторы
188254
Редакция идентификаторы
188254_666295
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:50

0 Сұйытылған мұнай газын тасымалдаудың кейбір мәселелері туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі – Шарт) 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасының аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін, мыналарды қоспағанда:

1

1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) не Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде өндіруді жүзеге асырған, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушылардың әкетуін;

2 2) қазақстандық шикізаттан жасалған (өңделген), Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген тауарларды әкетуді;

3 3) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде басталатын және аяқталатын өткізілетін транзиттік тасымалды.

2

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдау туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды;

4 4) Еуразиялық экономикалық комиссияны осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі

Қолданыстағы