Об использовании автомобильной дороги (участка) общего пользования республиканского значения Уральск – граница Российской Федерации (на Саратов) на платной основе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об использовании автомобильной дороги (участка) общего пользования республиканского значения Уральск – граница Российской Федерации (на Саратов) на платной основе
- Атауы (қаз.)
- Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Орал - Ресей Федерациясының шекарасы (Саратовқа) ақылы негізде пайдалану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 54
- Қабылданған күні
- 03.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2025 188442_742708.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033617
- ЭКБ идентификаторы
- 188442
- Редакция идентификаторы
- 188442_742708
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 16:00
0 Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) Орал - Ресей Федерациясының шекарасы (Саратовқа) ақылы негізде пайдалану туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының ІI санатты Орал - Ресей шекарасы (Саратовқа дейін) Орал - Ресей Федерациясының шекарасы (Саратовқа дейін) 4 + 000 – км (бұдан әрі – км) 104 + 000 км учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) пайдаланылады;
2 2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: «Атырау – Орал» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Орал-Чапаев» учаскесі, «Чапаев – Жалпақтал – Казталовка – Ресей Федерациясының шекарасы» республикалық маңызы бар автомобиль жолы;
3 3) Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті-4 + 000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті-104 + 000 км;
4 4) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;
5 5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – ІI санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері:
автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;
автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 1 белдеу;
6 6) Ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы - 100 км;
7 7) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері айқындалады;
8 8) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;
9 9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
1 Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2023 жылғы 3 қарашадағы
№ 54 Бұйрыққа
1-қосымша
Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі
Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр
Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы
Бәйтерек ауданы
км 15 + 637
Ростоши ауылы
км 21 + 117
Озёрное кенті
км 30 + 364
Перемётное ауылы
км 31 + 517
Үлкен Шаған ауылы
км 42 + 513
Усихино ауылы
км 47 + 462
Зелёный ауылы
Тасқалы ауданы
км 59 + 745
Мерей ауылы
км 72 + 356
Жолдарды күтіп ұстау аймағы
км 73 + 000
Тасқала кенті
км 75 + 252
Александров Гай қаласы (сол жағы),
Тасқала кенті (оң жағы)
км 76 + 275
Тасқала кенті
км 81 + 662
Бірлік ауылы
км 94 + 595
Достық ауылы
2 Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
2023 жылғы 3 қарашадағы
№ 54 бұйрығына
2-қосымша
Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері
Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының ІI санатты Орал - Ресей Федерациясының шекарасы (Саратовқа) Орал – Тасқала - Ресей шекарасы (Саратовқа) 4 + 000 километр (бұдан әрі-км) –104 + 000 км учаскесі:
Айлық есептік көрсеткіштер (бұдан әрі - АЕК):
№ Р/с
Аймақтар
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі – тн) дейін жүк автомобильдері
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктер, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
Кейінгі төлем
Алдын ала төлем
1
4+000 км -31+000 км (27 км)
0,0497
0,0424
0,1009
0,0856
0,1507
0,1280
0,2011
0,1711
0,2435
0,2135
2
31+000 км – 76+400 км (45 км 400 метр)
0,0836
0,0713
0,1697
0,1439
0,2533
0,2152
0,3382
0,2877
0,4095
0,3591
3
76+400 км -104+000 км (27 км 600 метр)
0,0508
0,0434
0,1032
0,0875
0,1540
0,1308
0,2056
0,1749
0,2489
0,2183
Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны (100 км)
0,1842
0,1571
0,3738
0,3169
0,5580
0,4740
0,7449
0,6338
0,9020
0,7909
Автокөлік құралының түріне және жүк көтергіштігіне байланысты жергілікті автокөлік үшін абонементтердің келесі түрлері көзделеді:
бір айға (күнтізбелік 30 күн):
Көлік түрі
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін
1
3
4
5
6
7
Абоненттік төлемнің құны
1 АЕК
2 АЕК
3 АЕК
4 АЕК
5 АЕК
бір жылға (күнтізбелік 365 күн):
Көлік түрі
16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға (бұдан әрі - тн) дейін жүк автомобильдері үшін
32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін жүк автомобильдері үшін
32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін автопоездар үшін
Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі жүк автомобильдері үшін
Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары жүк автокөліктері оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін
1
3
4
5
6
7
Абоненттік төлемнің құны
12 АЕК
24 АЕК
36 АЕК
48 АЕК
60 АЕК
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АЕК - айлық есептік көрсеткіш;
км - километр;
т - тонна.
3 Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2023 жылғы 3 қарашадағы
№ 54 Бұйрыққа
3-қосымша
Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі
Р/с №
Елді мекеннің атауы
Бәтерек ауданы
1
Белес кенті
2
Озёрное кенті
3
Перемётное кенті
4
Черноярово кенті
5
Усихино ауылы
6
Зелёный ауылы
Тасқалы ауданы
7
Мерей ауылы
8
Тасқала кенті
9
Кузнецово ауылы
10
Достық ауылы