Об утверждении Правил распределения международной гуманитарной помощи в местности, где введено чрезвычайное положение
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил распределения международной гуманитарной помощи в местности, где введено чрезвычайное положение
- Атауы (қаз.)
- Төтенше жағдай енгізiлген жерде халықаралық iзгілік көмектi бөлу ережесiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 271
- Қабылданған күні
- 04.03.2004
- Көрсетілген редакция
- 23.10.2020 18845_492702.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P040000271_
- ЭКБ идентификаторы
- 18845
- Редакция идентификаторы
- 18845_492702
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:23
0 Төтенше жағдай енгізiлген жерде халықаралық iзгілік көмектi бөлу ережесiн бекiту туралы
"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1 1. Қоса берiліп отырған Төтенше жағдай енгiзiлген жерде халықаралық iзгілік көмектi бөлу ережесi бекiтiлсiн.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
3 Төтенше жағдай енгізілген жерде халықаралық ізгілік көмекті бөлу ережесі
Қазақстан Республикасы
Үкiметінің
2004 жылғы 4 наурыздағы
N 271 қаулысымен
бекiтiлген
Төтенше жағдай енгізілген жерде халықаралық ізгілік көмекті бөлу ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңын iске асыру мақсатында әзiрленді.
Осы Ереже төтенше жағдай енгiзiлген жерде халықаралық ізгілік көмектi бөлу тәртiбiн айқындайды.
2 2. Төтенше жағдай енгiзiлген жерде халықаралық iзгілік көмекті бөлу тәртiбi
2 2. Қажеттi халықаралық iзгілік көмектің номенклатурасы мен жүктерінің көлемiн аумағына төтенше жағдай енгiзiлген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің әкiмдерi жергiлiктi жер комендантының келiсiмi бойынша айқындайды.
Қазақстан Республикасына нақты мекен-жайлары көрсетiлмей келiп түскен халықаралық iзгілік көмек төтенше жағдай енгiзiлген жерде қажеттi жүктердің талап етiлетiн номенклатурасы мен көлемiне сәйкес бөлiнедi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2017 жылғы
27 наурыздағы № 38-ө өкiмiмен құрылған Қазақстан Республикасының халықаралық iзгілік көмек мәселелерi жөнiндегi комиссиясы (бұдан әрi – Комиссия) өзiне жүктелген функцияларға сәйкес халықаралық iзгілік көмектi пайдалану мәселелерiн шешедi.
3 3. Халықаралық iзгілік көмек Қазақстан Республикасына оны алушылардың нақты мекен-жайлары көрсетiлмей келiп түскен жағдайда, аумағына төтенше жағдай енгiзiлген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi:
1 1) iзгілік көмек жүктерiн орналастыру және сақтау үшiн белгiленген санитарлық нормаларға сәйкес қоймалық үй-жайларды берудi, осы жүктердi орналастыруды;
2 2) халықаралық iзгiлiк көмектi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасай отырып бөлудi;
3 3) iзгiлiк көмек жүктерiн бөлу жөнiндегi iстiң жай-күйi туралы Комиссияға мәлiметтер берудi қамтамасыз етедi.
4
4. Қазақстан Республикасына төтенше жағдай енгiзілген жердiң нақты мекен-жайлары көрсетiлiп, халықаралық iзгiлiк көмек ретiнде келiп түскен жүктер осы жүктердi тiкелей алушыларға бөлiнедi. Бұл ретте жүктердi алушылар Комиссияға халықаралық iзгiлiк көмектi бөлу жөнiндегi iстiң жай-күйi туралы мәлiметтер ұсынады.