Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера в городе Темиртау
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 5
·
08.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера в городе Темиртау
- Атауы (қаз.)
- Теміртау қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5
- Қабылданған күні
- 21.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 11.03.2024 188652_689253.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23KC00005B
- ЭКБ идентификаторы
- 188652
- Редакция идентификаторы
- 188652_689253
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:34
0 Теміртау қаласында
табиғи сипаттағы төтенше
жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» №240 бұйрығына сәйкес, ШЕШТІМ:
1 1. Қарағанды облысының Теміртау қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2 2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Куатұлы Кыдырбеков тағайындалсын.
3 3. Теміртау қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайды жою басшысы Ринат Куатұлы Кыдырбеков осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізсін.
4 4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 19 қарашасынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
О. Таурбеков