О Почетной грамоте маслихата Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Почетной грамоте маслихата Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы мәслихатының құрмет грамотасы туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14/3
- Қабылданған күні
- 10.02.2004
- Көрсетілген редакция
- 26.10.2010 AI18869_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.10.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04P0002315
- ЭКБ идентификаторы
- 18869
- Редакция идентификаторы
- AI18869_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:30
0 Павлодар облысы мәслихатының құрмет грамотасы туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы, 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1 1. Павлодар облысы мәслихатының Құрмет грамотасы бекiтiлсiн.
2 2. Қосымшаға сәйкес Павлодар облысы мәслихатының құрмет грамотасының үлгiсi мен оны беру тәртiбi бекiтiлсiн.
3 Павлодар облысы мәслихатының Құрмет грамотасының нысаны мен оны беру тәртiбi
Павлодар облыстық мәслихатының
2004 жылғы 10 ақпандағы
"Павлодар облысы Мәслихатының
Құрмет грамотасы туралы" № 14/3
шешiмiне қосымша
Павлодар облысы мәслихатының Құрмет грамотасының нысаны мен оны беру тәртiбi
1 1. Павлодар облысының мәслихаты Қазақстан Республикасы мен шетел азаматтарының Павлодар облысының әлеуметтiк, экономикалық, мәдени дамуына, достастық пен қоғамдық келiсiмнiң нығаюына үлес қосқан еңбектерiн қоғамдық бағалау үшін Павлодар облысы мәслихатының құрмет грамотасы ұсынылады.
2 2. Толық аталуы:
қазақ тiлiнде: Павлодар облысы мәслихатының құрмет грамотасы.
орыс тiлiнде: Почетная грамота маслихата Павлодарской области.
Құрмет грамотасы өң бетiнде Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк тiлде "құрмет грамотасы" мен орыс тiлiнде "Почетная грамота" деген жазуы бар қосымша бетi бар көгiлдiр түстi папкадан құрылған.
Қосымша бет жайылған түрде қалың жылтыр қағаздан баспаханалық тәсiлмен жасалған. қосымша беттiң өң жағында жоғарыда Қазақстан Республикасының туы бейнеленген және сол жақта мемлекеттiк тiлде "Құрмет грамотасы" мен төменде орыс тiлiнде "Почетная грамота" деп жазылған.
Қосымша беттiң сол жағында марапатталатын адамның мемлекеттiк тiлде тегiн, атын, әкесiнiң атын және еңбектерiн көрсету үшiн орын бөлiнген.
Қосымша беттiң оң жағында марапатталатын адамның орыс тiлiнде тегiн, атын, әкесiнiң атын және еңбектерiн көрсету үшiн орын бөлiнген.