Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Кордайскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Кордайскому району
- Атауы (қаз.)
- Қордай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 13-4
- Қабылданған күні
- 22.11.2023
- Қолданысқа енгізілген күні
- 09.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2023 188826_666350.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23GE00134M
- ЭКБ идентификаторы
- 188826
- Редакция идентификаторы
- 188826_666350
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:31
0 Қордай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қордай аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Қордай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Қордай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Қордай аудандық мәслихатының
2023 жылғы «22» қарашадағы № «13-4 »
шешіміне қосымша
Қордай ауданы бойынша коммуналдық
қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер
Есептік бірлік
Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3
1
Жайлы және
жайлы емес үйлер
1 тұрғын
1,02
2
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
0,66
3
Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер
1 орын
0,40
4
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,73
5
Емханалар, медициналық орталықтар
1 келіп кету
0,002
6
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
1,02
7
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,40
8
Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
0,52
9
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар
1 отыратын орын
0,12
10
Мұражайлар, көрмелер
жалпы алаңы 1 м2
0,02
11
Стадиондар, спорт алаңдары
жоба бойынша 1 орын
0,03
12
Спорт, би және ойын залдары
жалпы алаңы 1 м2
0,10
13
Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер
сауда алаңы 1 м2
0,32
14
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
сауда алаңы 1 м2
0,47
15
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
жалпы алаңы 1 м2
0,18
16
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету
жалпы алаңы 1 м2
0,36
17
Дәріханалар
сауда алаңы 1 м2
0,43
18
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС
1 машина-орын
1,33
19
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
1,08
20
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
2,15
21
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
жалпы алаңы 1 м2
0,12
22
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
жалпы алаңы 1 м2
0,08
23
Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)
1 жұмыс орны
0,06
24
Моншалар, сауналар
жалпы алаңы 1 м2
0,14