Құжат мәтініне өту

Об использовании средств, выделяемых на долевое участие в строительстве и приобретение жилья для работников центральных государственных органов и государственных учреждений в городе Астане

Қаулы · № 294 · қабылданған 09.03.2004
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-18892/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об использовании средств, выделяемых на долевое участие в строительстве и приобретение жилья для работников центральных государственных органов и государственных учреждений в городе Астане Қолданыста Қаулы ·№ 294 ·09.03.2004
02.07.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об использовании средств, выделяемых на долевое участие в строительстве и приобретение жилья для работников центральных государственных органов и государственных учреждений в городе Астане

Қолданыста Қаулы ·№ 294 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об использовании средств, выделяемых на долевое участие в строительстве и приобретение жилья для работников центральных государственных органов и государственных учреждений в городе Астане
Атауы (қаз.)
Астана қаласында орталық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi үшін тұрғын үй салуға үлестiк қатысуға және сатып алуға бөлiнетiн қаражатты пайдалану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
294
Қабылданған күні
09.03.2004
Көрсетілген редакция
02.07.2013 AI18892_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P040000294_
ЭКБ идентификаторы
18892
Редакция идентификаторы
AI18892_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:22

0 Астана қаласында орталық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi үшін тұрғын үй салуға үлестiк қатысуға және сатып алуға бөлiнетiн қаражатты пайдалану туралы

"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңынасәйкес, Астана қаласында орталық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi үшiн тұрғын үй салуға үлестiк қатысуға және сатып алуға бөлiнетiн қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1

1. Астана қаласының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 005 "Мемлекеттiк органдардың және мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне тұрғын үй салуға және сатып алуға үлестiк қатысуға Астана қаласының бюджетiне берiлетiн мақсатты трансферттер" бюджеттiк бағдарламасы бойынша 1000000000 (бiр миллиард) теңге сомасында көзделген қаражат есебiнен орталық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үймен қамтамасыз етiлмеген қызметкерлерiне (бұдан әрi - қызметкерлер) кейiннен беріп, үлестiк қатысу шартымен Астана қаласында тұрғын үйлердi және тұрғын үй салу жөнiндегi жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүргiзсiн.

2 2. Мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгінiң (бұдан әрi - Агенттiк) сұратуы бойынша бiр апта мерзiмде орталық мемлекеттік органдар мен мемлекеттiк мекемелер тұрғын үймен қамтамасыз етiлмеген қызметкерлердiң тiзiмдерiн ұсынады;

2 2) Агенттік (келiсiм бойынша) екi апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесiне қызметкерлердiң бекiтiлген тізiмдерiн тапсырады;

3 3) оларды кейiннен қызметкерлерге беру үшiн орталық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелерге қызметтiкке теңестiрiлген пәтерлердi бөлудi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi жүзеге асырады;

4

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесінің Басшысы А.А.Тілеубердинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Қолданыстағы