О внесении изменений в Положение о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в Положение о государственном учреждении «Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза»
- Атауы (қаз.)
- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 982/11
- Қабылданған күні
- 22.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 11.06.2024 188950_707678.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.06.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23PC98211A
- ЭКБ идентификаторы
- 188950
- Редакция идентификаторы
- 188950_707678
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:33
0 «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы ««Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» №478/6 (бұдан әрі - Ереже) қаулысымен бекітілген, «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге келесі өзгерістер енгізілсін:
- Ереженің барлық мәтіні бойынша «мүгедек» сөзі «мүгедектігі бар адам» сөздерімен, «мүгедек балалар» сөздері «мүгедектігі бар балалар» сөздерімен ауыстырылсын;
- «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер тізбесінен «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі алынып тасталсын;
- Ереженің 2-тарауы 17-тармағының 4), 5), 6), 7) тармақшалары келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) өңірлік жұмыспен қамту картасын және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын жүзеге асыру, ұлттық жобалар, даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеуді жүзеге асыру;
5) жұмыс орындарының босау және қысқару тәуекелдері бар ұйымдарды мониторингтеуді жүзеге асыру;
6) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
7) облыстың жергілікті атқарушы органдарына жұмыс күшінің мобильділігін арттыру мақсатында адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстар енгізу;».