Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 2330 · қабылданған 23.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-189166/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Қолданыста Қаулы ·№ 2330 ·23.11.2023
23.11.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қолданыста Қаулы ·№ 2330 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2330
Қабылданған күні
23.11.2023
Көрсетілген редакция
23.11.2023 189166_668616.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23NA02330A
ЭКБ идентификаторы
189166
Редакция идентификаторы
189166_668616
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:28

0 Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 914, № 915, № 916, № 917 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша су құбыры мен канализация коллекторын жүргізу үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитуттар белгіленсін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

Әкімдіктің
2023 жылғы 23 қарашадағы
№ 2330 қаулысына
қосымша
«Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсірорнына қауымдық сервитуттар белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

1 1) Қайырбеков көшесінен ет комбинатына дейін Орджоникидзе көшесі бойынша су құбырын жүргізу үшін, жалпы алаңы 1,014 гектар;

2 2) Тарана көшесінен Ленин көшесіне дейін Темірбаев көшесі бойынша коллекторды жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,0825 гектар;

3 3) О. Досжанов көшесі бойынша сыртқы канализацияны жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,126 гектар;

4 4) Садовая көшесі, 49 бойынша 66 пәтерлі тұрғын үйге сыртқы канализацияны жүргізу үшін, жалпы алаңы 0,26 гектар.

Қолданыстағы