Об утверждении Перечня видов деятельности Акционерного общества «Казавиаспас», технологически связанных с производством товаров, работ, услуг единого оператора по предоставлению вертолетных услуг
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня видов деятельности Акционерного общества «Казавиаспас», технологически связанных с производством товаров, работ, услуг единого оператора по предоставлению вертолетных услуг
- Атауы (қаз.)
- Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін өндірумен технологиялық байланысты «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамның қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 647
- Қабылданған күні
- 27.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2023 189198_667503.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033691
- ЭКБ идентификаторы
- 189198
- Редакция идентификаторы
- 189198_667503
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:23
0 Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың
тауарларын, жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін өндірумен технологиялық байланысты «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамның қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 9-тармағына, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 82-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің дағдарыс жағдайларындағы басқару орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
1 Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 27 қарашадағы
№ 647 бұйрығымен
бекітілген
Тікұшақ қызметтерін ұсыну жөніндегі бірыңғай оператордың
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндірумен
технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі