Об определении и утверждении мест и маршрутов размещения нестационарных торговых объектов на территории города Экибастуза
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении и утверждении мест и маршрутов размещения нестационарных торговых объектов на территории города Экибастуза
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын айқындау және бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1010/11
- Қабылданған күні
- 30.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 27.03.2025 189325_750580.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.03.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23PC743114
- ЭКБ идентификаторы
- 189325
- Редакция идентификаторы
- 189325_750580
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:17
0 Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары мен маршруттарын айқындау және бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.
2 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру маршруттары айқындалсын және бекітілсін.
3 3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4 4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Екібастұз қаласы
әкімдігінің 2023 жылғы
30 қарашадағы
№ 1010/11 қаулысына
1-қосымша
Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес
сауда объектілерін орналастыру орындары
№
Орналасқан жері
Алып жатқан ауданы (шаршы метр)
Жақын маңдағы инфрақұрылым (ұқсас нысандар тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері,
сондай-ақ
қоғамдық тамақтану нысандары)
Қызмет саласы
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі
(жылдар)
1
Кеншілер көшесі
(Кеншілер көшесіндегі
№ 1 және № 5 үйлердің арасында)
10
«Горняк» дүкені
бөлшек сауда
(азық-түлік/
азық-түлік емес/
ауыл шаруашылығы тауарларын сату)
5
2
Мәшһүр Жүсіп көшесі
(М. Жүсіп көшесіндегі № 22 үйдің ауласында)
15
«Нур» сауда павильоны
бөлшек сауда
(азық-түлік/
азық-түлік емес/
ауыл шаруашылығы тауарларын сату)
5
3
Мәшһүр Жүсіп көшесі (Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі № 47 және Бауыржан Момышұлы көшесіндегі № 40 «А» үйлердің арасында)
10
«Успех» дүкені
бөлшек сауда
(азық-түлік/
азық-түлік емес/
ауыл шаруашылығы тауарларын сату)
5
4
Мәшһүр Жүсіп көшесі (Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі № 52/5 үй және Абай көшесі, № 55 бойынша № 26 орта мектеп ғимаратының арасында)
15
«ХСК Восток» дәмханасы
бөлшек сауда
(азық-түлік/
азық-түлік емес/
ауыл шаруашылығы тауарларын сату)
5
5
Мәшһүр Жүсіп көшесі
(Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі
№ 149 үйдің ауласында)
25
«Бахыт» дүкені
розничная торговля бөлшек сауда
(азық-түлік/
азық-түлік емес/
ауыл шаруашылығы тауарларын сату)
5
6
Б. Момышұлы көшесі
(Б. Момышұлы көшесі №48 «А» бойынша № 10 ЖОББМ және Б. Момышұлы көшесіндегі № 46 үйдің алдында)
10
Жоқ
бөлшек сауда
(азық-түлік/
азық-түлік емес/
ауыл шаруашылығы тауарларын сату)
5
7
Энергетиктер көшесі (Энергетиктер № 109 көшесіндегі №2 емхана ғимараты мен Энергетиктер көшесіндегі № 107 үйдің арасында)
10
«У Фёдора» дүкені
бөлшек сауда
(азық-түлік/
азық-түлік емес/
ауыл шаруашылығы тауарларын сату)
5
8
Беркімбаев көшесі
(Беркімбаев көшесіндегі № 112 үй мен Сәтбаев көшесіндегі № 37/1 үйдің арасында)
10
«Лана Маркет» дүкені
бөлшек сауда
(азық-түлік/
азық-түлік емес/
ауыл шаруашылығы тауарларын сату)
5
8 Екібастұз қаласы
әкімдігінің 2023 жылғы
30 қарашадағы
№ 1010/11 қаулысына
2-қосымша
9 Екібастұз қаласы әкімдігінің күші жойылған қаулыларының тізбесі
Қаулыға 3-қосымша
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 30 қарашадағы
№ 1010/11
Екібастұз қаласы әкімдігінің күші жойылған
қаулыларының тізбесі
1 1. Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы «Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» № 291/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5085 болып тіркелген).
2
2. Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 қыркүйектегі «Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы «Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы № 291/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»» № 955/10 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6559 болып тіркелген).
3
3. Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 1 ақпандағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 17 наурыздағы «Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы»» № 291/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 47/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7200 болып тіркелген).