Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в районе Самар
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования, норм их предельной заполняемости, требований к их материально-техническому и организационному обеспечению, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в районе Самар
- Атауы (қаз.)
- Самар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7-5/VIII
- Қабылданған күні
- 28.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 02.05.2024 189571_701403.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23VT892416
- ЭКБ идентификаторы
- 189571
- Редакция идентификаторы
- 189571_701403
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:21
0
Самар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, оларды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Айқындалсын:
осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Самар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары;
осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Самар ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес Самар ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі;
осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес Самар ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Самар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары
Самар ауданының мәслихаты
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 7-5/VIII шешіміне
1-қосымша
Самар ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар және олардың шекті толу нормалары
№
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар
Шекті толу нормасы
1
Самар ауылы, Букетов тұйық көшесі, 68 бойындағы «И. Федосов» атындағы мәдениет үйі сахнасының алдындағы алаң.
Бейбіт жиналыстар өткізу үшін жүру бағыты:
Самар ауылы, Самарға 100 жыл көшесі және Букетов тұйық көшесі қиылысынан бастап, Букетов тұйық көшесі бойындағы Горохов көшесі қиылысына дейін.
100 адам
4 Самар ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Самар ауданы мәслихатының
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 7-5/VIII шешіміне
2- қосымша
Самар ауданында арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
1 1. Ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушының өкілдері бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне- және фототүсірілім жасауға арналған техниканы пайдалануға құқылы.
2 2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен жүзеге асырады.
7 Самар ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Самар ауданы мәслихатының
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 7-5/VIII шешіміне
3- қосымша
Самар ауданында арнайы орындарды пайдалану тәртібі
Бейбіт жиналыстар пикеттеуді қоспағанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін осы шешіммен айқындалған арнайы жерлерде өткізіледі.
Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.
Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9.00-ден ерте бастауға және сағат 20.00-ден кеш аяқтауға болмайды.
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір уақытта дәл сол бір объектіде екі және одан да көп пикет өткізуге жол берілмейді.
Пикеттеу ұзақтығы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 17 және 18-баптарында көзделген жағдайларда жергілікті атқарушы орган өкілінің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің талап етуі бойынша бейбіт жиналыстарға қатысушыларға осындай талапты орындау қажеттігі туралы ақпарат бере отырып, бейбіт жиналыстарды тоқтата тұрады немесе тоқтатады.
8 Самар ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Самар ауданы мәслихатының
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 7-5/VIII шешіміне
4- қосымша
Самар ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары