Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил регистрации и учета петиций

Бұйрық · № 490-НҚ · қабылданған 06.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-189647/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил регистрации и учета петиций Қолданыста Бұйрық ·№ 490-НҚ ·06.12.2023
06.12.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил регистрации и учета петиций

Қолданыста Бұйрық ·№ 490-НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил регистрации и учета петиций
Атауы (қаз.)
Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
490-НҚ
Қабылданған күні
06.12.2023
Көрсетілген редакция
06.12.2023 189647_671041.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033734
ЭКБ идентификаторы
189647
Редакция идентификаторы
189647_671041
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:09

0 Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 90-4-бабының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
2023 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 490-НҚ бұйрықпен
бекітілген
Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 90-4-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді және «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы субъектілерге келіп түсетін петицияларды тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) арыз иесі – Кодексте белгіленген тәртіппен петицияны берген Қазақстан Республикасының азаматы;

2 2) петиция – мемлекеттік органға, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органға электрондық құжат нысанында жіберілген және Кодексте белгіленген тәртіппен қаралатын ұжымдық хабар, үн қосу немесе ұсыныс;

3 3) субъект – олардың құзыретіне сәйкес петицияларды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы орган;

4 4) уәкілетті орган – мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган;

5 5) «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесі – арыз иесі сол арқылы петицияны беретін ақпарат жүйесі.

2 2-тарау. Петицияны тіркеу тәртібі

3 3. Субъектінің атына келіп түскен петиция «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінің «Е-петиция» модулінде тіркелуге тиіс.

4 4. Петицияны тіркеу субъектіге келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

5 5. Петицияның тіркеу нөмірі бастапқы тіркеу кезінде тұтас тәртіппен тек бір рет беріледі және әріптік индекстен, сондай-ақ бірегей нөмірден тұрады.

6 6. Петиция үшін «П» әріптік индексі беріледі.

7 7. Бірегей нөмірде алғашқы төрт сан тіркелген жылды, келесі сегіз цифр реттік нөмірді білдіреді.

8 8. «Е-петиция» модулінде петицияны тіркегеннен кейін арыз иесіне петицияның бірегей нөмірін қамтитын хабарлама жіберіледі.

3 3-тарау. Петицияны есепке алу тәртібі

9 9. Тіркелген петицияларды есепке алу, сондай-ақ статистикалық ақпаратты қалыптастыру «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінің «Е-петиция» модулінде автоматты түрде жүзеге асырылады

10 10. Петициялар туралы мынадай мәліметтер міндетті есепке алынуға жатады:

1 1) тіркеу нөмірі;

2 2) тіркелген күні;

3 3) арыз иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);

4 4) петицияның нысанасы;

5 5) петицияны беру нысаны;

6 6) петицияны қарау мерзімі;

7 7) петицияны қарайтын субъект;

8 8) петицияны қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешім.

Қолданыстағы