Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил регистрации и учета петиций

Бұйрық · № 490-НҚ · қабылданған 06.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-189647/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил регистрации и учета петиций Қолданыста Бұйрық ·№ 490-НҚ ·06.12.2023
06.12.2023 редакциясы
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил регистрации и учета петиций

Қолданыста Бұйрық ·№ 490-НҚ · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил регистрации и учета петиций
Атауы (қаз.)
Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
490-НҚ
Қабылданған күні
06.12.2023
Көрсетілген редакция
06.12.2023 189647_671041.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033734
ЭКБ идентификаторы
189647
Редакция идентификаторы
189647_671041
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:09

0 Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 90-4-бабының үшінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
2023 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 490-НҚ бұйрықпен
бекітілген
Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Петицияларды тіркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 90-4-бабының үшінші бөлігіне сәйкес әзірленді және «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы субъектілерге келіп түсетін петицияларды тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) арыз иесі – Кодексте белгіленген тәртіппен петицияны берген Қазақстан Республикасының азаматы;

2) петиция – мемлекеттік органға, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органға электрондық құжат нысанында жіберілген және Кодексте белгіленген тәртіппен қаралатын ұжымдық хабар, үн қосу немесе ұсыныс;

3) субъект – олардың құзыретіне сәйкес петицияларды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы орган;

4) уәкілетті орган – мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган;

5) «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесі – арыз иесі сол арқылы петицияны беретін ақпарат жүйесі.

2-тарау. Петицияны тіркеу тәртібі

3. Субъектінің атына келіп түскен петиция «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінің «Е-петиция» модулінде тіркелуге тиіс.

4. Петицияны тіркеу субъектіге келіп түскеннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

5. Петицияның тіркеу нөмірі бастапқы тіркеу кезінде тұтас тәртіппен тек бір рет беріледі және әріптік индекстен, сондай-ақ бірегей нөмірден тұрады.

6. Петиция үшін «П» әріптік индексі беріледі.

7. Бірегей нөмірде алғашқы төрт сан тіркелген жылды, келесі сегіз цифр реттік нөмірді білдіреді.

8. «Е-петиция» модулінде петицияны тіркегеннен кейін арыз иесіне петицияның бірегей нөмірін қамтитын хабарлама жіберіледі.

3-тарау. Петицияны есепке алу тәртібі

9. Тіркелген петицияларды есепке алу, сондай-ақ статистикалық ақпаратты қалыптастыру «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінің «Е-петиция» модулінде автоматты түрде жүзеге асырылады

10. Петициялар туралы мынадай мәліметтер міндетті есепке алынуға жатады:

1) тіркеу нөмірі;

2) тіркелген күні;

3) арыз иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);

4) петицияның нысанасы;

5) петицияны беру нысаны;

6) петицияны қарау мерзімі;

7) петицияны қарайтын субъект;

8) петицияны қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешім.

Қолданыстағы