О признании утратившим силу некоторых решений Индерского районного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу некоторых решений Индерского районного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Индер аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 53-VIII
- Қабылданған күні
- 30.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2023 189697_669360.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23TF510506
- ЭКБ идентификаторы
- 189697
- Редакция идентификаторы
- 189697_669360
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:16
0 Индер аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Индер аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп танылсын.
2 Индер аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Индер аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
30 қарашадағы № 53-VIII
шешіміне қосымша
Индер аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1) «Индер ауданының ауылдық округтерінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың қағидасын бекіту туралы» Индер аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 261-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3188 болып тіркелген) шешімі;
2) «Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26 наурыздағы № 261-V «Индер ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Индер аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 тамыздағы № 38-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3623 болып тіркелген) шешімі;
3) «Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 26 наурыздағы № 261-V «Индер ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Индер аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 тамыздағы № 127-VIІ шешімі.