Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев либо физических или юридических лиц, оплачивающих проживание иностранца (приглашающая сторона, туроператор) по городу Курчатов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев либо физических или юридических лиц, оплачивающих проживание иностранца (приглашающая сторона, туроператор) по городу Курчатов
- Атауы (қаз.)
- Курчатов қаласы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) туристік жарнасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12/71-VIII
- Қабылданған күні
- 30.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 21.02.2024 189711_701759.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23FB018018
- ЭКБ идентификаторы
- 189711
- Редакция идентификаторы
- 189711_701759
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:17
0 Курчатов қаласы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор)
туристік жарнасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Курчатов қаласы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор), хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әр тәулік үшін алынатын туристік жарна айлық есептік көрсеткіштің - 0,5 мөлшерінде белгіленген ставка бекітілсін.
Орналастыру орындарында шетелдік туристер саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ұлғайған жағдайда туристік жарнаның мынадай мөлшерлемелері қолданылады:
бес пайызға дейін – 0,2 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде;
бестен он пайызға дейін – 0,3 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде;
оннан он бес пайызға дейін – 0,4 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде;
он бес пайыздан және одан жоғары – 0,5 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде.