Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Қаулы · № 363 · қабылданған 11.12.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-189843/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Күшін жойған Қаулы ·№ 363 ·11.12.2023
12.01.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута

Күшін жойған Қаулы ·№ 363 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитутты белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
363
Қабылданған күні
11.12.2023
Көрсетілген редакция
12.01.2024 189843_679851.kaz
Соңғы өзгеріс
12.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23UC00363A
ЭКБ идентификаторы
189843
Редакция идентификаторы
189843_679851
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:02

0 Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18, 69 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Мирас Байкен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Кентау қаласы «Байылдыр кен қалдықтар сақтау қоймасы» аумағын пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 363,0 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан 2025 жылдың 22 шілдесіне дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Мирас Байкен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін бұзылған жерді қалпына келтіру жұмыстарын бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізуге және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізуді қамтамасыз етсін.

3 3. Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикалық нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Төлеповке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы