Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по Каргалинскому району

Қаулы · № 206 · қабылданған 11.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-189983/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об утверждении правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по Каргалинскому району Қолданыста Қаулы ·№ 206 ·11.12.2023
11.12.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по Каргалинскому району

Қолданыста Қаулы ·№ 206 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил расчета норм образования и накопления коммунальных отходов по Каргалинскому району
Атауы (қаз.)
Қарғалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
206
Қабылданған күні
11.12.2023
Көрсетілген редакция
11.12.2023 189983_671701.kaz
Соңғы өзгеріс
11.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23CF00206A
ЭКБ идентификаторы
189983
Редакция идентификаторы
189983_671701
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:01

0 Қарғалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптары, Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы 4-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қарғалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

4 Қарғалы ауданы әкімдігінің

2023 жылғы «07» желтоқсандағы
№ 206 қаулысына қосымша
Қарғалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін айқындайды.

2 2. Коммуналдық қалдықтар деп мынадай тұтыну қалдықтары түсініледі:

1 1) өзгелермен қатар қағаз бен картонды, шыныны, металдарды, пластмассаны, органикалық қалдықтарды, сүректі, тоқыманы, қаптаманы, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтарды, батареялар мен аккумуляторларды қоса алғанда, үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары;

2 2) егер аралас қалдықтар және басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас болса, осындай қалдықтар.

Коммуналдық қалдықтарға өндіріс, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау, септиктер мен кәріз желілері, сондай-ақ сарқынды судың тұнбасын қоса алғанда, тазарту құрылысжайлары қалдықтары, пайдаланудан шығып қалған көлік құралдары немесе құрылыс қалдықтары кірмейді.
Тұтыну қалдықтарына адамның тыныс-тіршілік әрекеті нәтижесінде түзілген қалдықтар, өзінің тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қаптамасы және агрегаттық жай-күйіне қарамастан жарамдылық не пайдалану мерзімі біткен, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше физикалық түрде құтылған не тұтыну қалдықтарының қатарына құжатпен аударған өзге де заттар немесе олардың қалдықтары жатады.

3 3. Коммуналдық қалдықтардың қауіпті құрауыштары (электрондық және электр жабдықтар, құрамында сынап бар қалдықтар, батарейкалар, аккумуляторлар және өзге де қауіпті құрамдастар) бөлек жиналуға және арнайы бейімделген кәсіпорындарға қалпына келтіруге берілуге тиіс.

2 2-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу тәртібі

4 4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке-жеке белгіленеді.

5 5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.

6 6. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.

7 7. Заттай өлшеулер жүргізу үшін көріктендіру әртүрлі деңгейі бар екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:

1 1) тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары бар жайлы тұрғын үй;

2 2) тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары жоқ жайлы емес тұрғын үй.

8 8. Халықтан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын айқындау үшін тұрғын халықтың мынадай саны бар учаскелер бөлінеді:

тұрғындарының саны 300 мың адамға дейінгі елді мекендерде учаскелер абаттандырудың әрбір түрі бойынша тұрғындардың жалпы санының 2%-ын қамти отырып таңдалады;
халқының саны 300-ден 500 мың адамға дейінгі елді мекендерде – 1 %;
тұрғындарының саны 500 мың адамнан асатын елді мекендерде – 0,5% (оның ішінде жайлы емес сектор бойынша кемінде 500 адам).

9 9. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.

10 10. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.

11 11. Өлшеу алдында контейнердегі қалдықтар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен теңестіріледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтардың көлемі анықталады.

12 12. Жинақталған қалдықтардың массасы толтырылған контейнерлерді өлшеу және коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымның бос контейнердің массасын одан әрі шегеру жолымен айқындалады.

13

13. Бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған кезде, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға жол беріледі.

14 14. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректерді жергілікті атқарушы орган Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне енгізеді.

15

15. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша қосылады және жергілікті атқарушы орган Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық маусымдық ведомосына енгізеді.

16 16. Маусымдық өлшеулер жүргізілгеннен кейін жергілікті атқарушы орган осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосына деректерді (масса, көлем) енгізеді.

17 17. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанып отырған коммуналдық қалдықтарды жинағанда басқа объектілердің коммуналдық қалдықтары араласып кетпеуге.

18

18. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтауға қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны тандап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.
Барлық контейнерлер толығымен тазалануы керек:

1 1) күнсайынәкетукезінде – өлшеубасталғанғадейінбіртәулікбұрын;

2 2) кесте бойынша әкету кезінде күн сайын – кесте бойынша әкетудің соңғы күні өлшеу аптасының алдында.

19. Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйым барлық контейнерлерді толық тазартуы тиіс.
20. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу олар жүргізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

3 3-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу

21 21. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:

1 1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., М3):

V конт=h*S
Мұндағы һ –контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;
S – контейнер түбінің алаңы, м2;

2 2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:

Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3...
Мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 – контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуімен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;

3 3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

M конт=m3- mп
мұндағы m3– қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;
mп– қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;

4 4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

mтәу=mконт1+mконт2+mконт3...
мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 – контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;

5 5) өлшеулер контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір уақытында жүргізіледі. Өлшеулерді жүргізу кезеңі: жеті күн (үзіліссіз).

Өлшеулерді жүргізу мерзімдері: қыс-желтоқсан, қаңтар, ақпан; көктем-наурыз, сәуір, мамыр; жаз-маусым, шілде, тамыз; күз-қыркүйек, қазан, қараша.
Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+....+ Vтәу7
мұндағыVтәу1, Vтәу2 – белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;

6 6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

mмаус=mтәу1+ mтәу2+...+ mтәу7
мұндағыmтәу1 mтәу2 – белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;

7 7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасына нықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша (Vтм, м3):
Vтм = Vмаус/(nxa)
массасы бойынша (mтм, кг):
mтм = mмаус/(nxa)
мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны;
а – есептік бірліктің саны.

8 8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасына нықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемі бойынша (Vтом, м3):
Vтом= (Vктм + Vктм + Vжтм +Vкү тм)/n
массасы бойынша (mтом, кг):
mтом= (mктм + mктм + mжтм +mкү тм)/n
мұндағыжоғарғыиндекстер "қ", "к", "ж", "кү" – қыста – "қ", көктемде – "к", жазда – "ж", күзде "кү" –есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;
n – қалдықтарпайдаболғанмаусымныңсаны (n=4).

9 9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының жылдық нормасына нықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемібойынша (Vж, м3):
Vж= Vтожхnк
массасыбойынша (mж, кг):
mж= mтожXnк
мұндағыnк – жылдағыкүнніңсаны.

22 22. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығына нықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентіна нықтауға қосымша мынадай есеп жүргізіледі:

1 1) коммуналдыққалдықтардыңорташатығыздығынанықтау (gop, кг/м3) мынадайформулабойыншажүргізіледі:

qcp = m/V,
мұндағыmжәнеV - есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;

2 2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемібойынша:
Кбе = Vом/Vж
массасыбойынша:
Кбе = mом/mж

3 3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

көлемібойынша:
Кмбе= Vmax.тәу./Voм
мұндағыVmax.тәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3
массасы бойынша:
kсн= mmaxтәу./moм
мұндағыmmax.тәу.– маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.

23 Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

23. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына 1-қосымша
Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері

Ком­му­нал­дық қал­дық­тар жи­нақ­та­ла­тын объ­ек­ті­лер
Есеп­тік бір­лік
1
Жай­лы және жай­лы емес үй­лер
1 тұр­ғын
2
Жа­тақ­ха­на­лар, ин­тер­нат­тар, ба­ла­лар үй­ле­рі, қарт­тар үй­ле­рі және сол си­яқ­ты­лар
1 орын
3
Қо­нақ үй­лер, са­на­то­рий­лер, де­ма­лыс үй­ле­рі
1 орын
4
Ба­ла­бақ­ша­лар, бө­бек­жай және бас­қа да мек­теп­ке дей­ін­гі ме­ке­ме­лер
1 орын
5
Ме­ке­ме­лер, ұй­ым­дар, офи­стер, кең­се­лер, банк­тер, бай­ла­ныс бө­лім­ше­ле­рі
1 қыз­мет­кер
6
Ем­ха­на­лар, ме­ди­ци­на­лық ор­та­лық­тар
1 ке­ліп ке­ту
7
Ау­ру­ха­на­лар, өзге де ем­деу-са­уық­ты­ру ме­ке­ме­ле­рі
1 тө­сек-орын
8
Мек­теп­тер және өзге де оқу орын­да­ры
1 оқу­шы
9
Мей­рам­ха­на­лар, дәм­ха­на­лар, бас­қа­да кө­ніл кө­те­ре­тін ғи­ма­рат­тар және қо­ғам­дық та­мақ­та­ну ме­ке­ме­ле­рі
1 оты­ра­тын орын
10
Те­атр­лар, ки­но­те­атр­лар, кон­церт зал­да­ры, түн­гі клуб­тар, ой­ы­н­ха­на­лар, ой­ын ав­то­мат­та­ры­ның за­лы, ин­тер­нет-ка­фе­лер, ком­пью­тер­лік клуб­тар
1 оты­ра­тын орын
11
Мұ­ра­жай­лар, көр­ме­лер
Жал­пы ала­ңы 1м2
12
Ста­ди­он­дар, спорт алаң­да­ры
Жо­ба бой­ын­ша 1 орын
13
Спорт, би және ой­ын зал­да­ры
Жал­пы ала­ңы 1 м2
14
Азық-тү­лік, өнер­к­ә­сіп­тік та­у­ар дү­кен­де­рі, су­пер­мар­кет­тер
Са­уда ала­ңы 1 м2
15
Ма­ши­на­лар­дан са­ту
Са­уда ор­ны­ның 1 м2
16
Ба­зар­лар, са­уда па­ви­льон­да­ры, дүң­гір­шек­тер, сө­ре­лер
Са­уда ала­ңы 1 м2
17
Өнер­к­ә­сіп­тік, азық-тү­лік та­у­ар­ла­ры­ның кө­тер­ме ба­за­ла­ры, қой­ма­ла­ры
Жал­пы ала­ңы 1 м2
18
Тұр­мыстық қыз­мет кор­се­ту үйі: ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту
Жал­пы ала­ңы 1 м2
19
Вок­зал­дар, ав­то­вок­зал­дар, әу­е­жай­лар
Жал­пы ала­ңы 1 м2
20
Жа­ға­жай­лар, жол­дар­дан кө­ше сме­та­ла­ры
Жал­пы ала­ңы 1 м2
21
Дә­рі­ха­на­лар
Са­уда ала­ңы 1 м2
22
Ав­то­тұ­рақ­тар, ав­то­мо­биль­ді жуу орын­да­ры, АЖС
1 ма­ши­на-орын
23
Ав­то­мо­биль ше­бер­ха­на­ла­ры
1 жұ­мыс­шы
24
Га­раж ко­опе­ра­тив­те­рі, га­раж­дар, пар­кинг­тер
1 га­раж­ға
25
Ша­шта­раз­дар, кос­ме­ти­ка­лық са­лон­дар
1 жұ­мыс ор­ны
26
Кір жу­а­тын орын­дар, хи­ми­я­лық та­за­лау орын­да­ры, тұр­мыстық тех­ни­ка­ны жөн­деу орын­да­ры, тігін ате­лье­сі
Жал­пы ала­ңы 1 м2
27
Зер­гер­лік, аяқ ки­ім­ді, са­ғат­тар­ды жөн­деу ше­бер­ха­на­ла­ры
Жал­пы ала­ңы 1 м2
28
Кі­ші­гі­рім жөн­деу және қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры (кі­лт­тер жа­сау және сол си­яқ­ты­лар.)
1 жұ­мыс ор­ны
29
Мон­ша­лар, сау­на­лар
Жал­пы ала­ңы 1 м2
30
Қа­ла ау­ма­ғын­да жап­пай іс-ша­ра­лар ұй­ым­да­сты­ра­тын заң­ды, са­ябақ қал­дық­та­ры
1000 қа­ты­су­шы
31
Бау-бақ­ша ко­опе­ра­тив­те­рі
1 учас­ке
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары 2-қосымша
Нысан
Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты
Елді мекен, аудан, облыс______________________________________
1. Мекенжайы_________________________________________________
2. Қабаттылығы_______________________________________________
3. Үйдің нөмірі_______________________________________________
4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам__________________________
5. Жайлылық деңгейі:
а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы ___________________________
б) жылуберутүрі (орталықтан, пешпен, жергілікті)___________________
в) отынныңтүрі - көмір (таскөмір, қоңыртемір), ағашотын, газ ________
г) қоқысқұбырыныңболуы________________________________________
д) аулааумағыныңалаңы, м²______________________________________
жасыл екпелер бар _______________________________________________
жабыны қатты _________________________________________________
оның ішінде жаяусоқпақтар ________________________________________
6. Контейнерлердің түрі, олардың саны және сыйымдылығы _____________
7. Қалдықтарды шығару кезеңділігі_________________________________
8. Тамаққалдықтарыменқайталамашикізаттыбөлекжинаужүргізілеме (қандайжәнеқанша) ___________________________________________________
9. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі___________________________
10. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі____________________________
11. Қауіптіқалдықтардыбөлекжинаужүргізілеме (қандайжәнеқаншафракция) _____________________________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Нысан
Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты
Елді мекен, аудан, облыс ____________________________________________
1. Объектінің атауы ________________________________________________
2. Мекенжайы ____________________________________________________
3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) ___________________________________________________________
4. Есеп айырысу бірліктерінің саны (қызметкерлер және т. б.) ____________
5. Тәулігіне өткізу қабілеті: _______________________________________
ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) _________________________
қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) __________________
6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам _________________________
7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м² ______________________________________
сауда алаңы ______________________________________________________
қоймалық және қосалқы алаң _______________________________________
8. Аула аумағының алаңы, м² _______________________________________
жасыл екпелер бар ________________________________________________
жабын қатты _____________________________________________________
9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы _____________
10. Қалдықтарды шығару кезеңділігі__________________________________
11. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) ____________________________________
12. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі __________________________ _________________________________________________________________
13. Тамақ қалдықтарын шығару езеңділігі_____________________________
_________________________________________________________________
14. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) _________________________________________________________
Қолдары:
Т.А.Ә. (болғанжағдайда), лауазымы
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары 3-қосымша
Формасы
Бастапқы жазба бланкісі
_____________
(күні)
объектісі бойынша________________________________________________
(атауы, мекенжайы)
Кон­тей­нер­дің р/с №
Жи­нал­ған қал­дық­тар қа­ба­ты­ның би­ік­ті­гі, һ, м
Кон­тей­нер негі­зі­нің ала­ңы, S, м²
Кон­тей­нер­де­гі қал­дық­тар­дың кө­ле­мі, V, h*S, м³
Қал­дық­тар ти­ел­ген кон­тей­нер­дің мас­са­сы (қо­қыс та­сығ­ыш), m³, кг
Бос кон­тей­нер­дің мас­са­сы (қо­қыс та­сығ­ыш), mп, кг
Кон­тей­нер­де­гі қал­дық­тар­дың мас­са­сы, mконт, m³ - mп
1
2
...
Тәу­лік ішін­де­гі жиы­ны
Vт­әу
Мт­әу
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары 4-қосымша
Нысан
Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі
20__жылғы «___» ___________бастап «____» _______________ дейін
Жайлылық типі ___________________________________________
Ап­та­ның күн­де­рі
Объ­ек­ті­нің ата­уы
Объ­ек­ті­нің қыз­мет тү­рі
Есеп­тік бір­лік­тің са­ны
Жи­нақ­тал­ған ком­му­нал­дық қал­дық­тар­дың кө­ле­мі/мас­са­сы
Ор­та­ша тығ­ы­зды­ғы, кг/м³
Бар­лы­ғы қай­та­лам а ши­кі­зат ірік­теп алын­ды (бө­лек жи­на­ған кез­де)
жал­пы
1 есеп­тік бір­лік­ке
кг
м³
кг
м³
кг
м³
Дүй­сен­бі
Сей­сен­бі
Сәр­сен­бі
Бей­сен­бі
Жұ­ма
Сен­бі
Жек­сен­бі
Тәу­лі­гіне ор­та­ша
Қолдары
Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары 5-қосымша
Нысан
Коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі
Жайлылық типі ______________________________________________
Объ­ект
Ай
Өл­ше­не­тін бір­лік­тің са­ны
Қал­дық­тар­дың жи­на­луы
Бір­тек­ті емес ко­эф­фи­ци­ент
Бө­лек жи­нау, кг
жал­пы
өл­ше­не­тін 1 бір­лік­ке
жал­пы
1 өл­ше­не­тін бір­лік­ке
м³
кг
м³
кг
м³
кг
м³
кг
м³
кг
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Барлығы ____________
Тәулігіне орташа _______________
Қолдары ______________
Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы

Қолданыстағы