Об утверждении Инструкции по определению лекарственных средств, подлежащих отпуску по рецепту и без рецепта врача
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкции по определению лекарственных средств, подлежащих отпуску по рецепту и без рецепта врача
- Атауы (қаз.)
- Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26
- Қабылданған күні
- 17.02.2004
- Көрсетілген редакция
- 21.10.2009 AI19001_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.10.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002734_
- ЭКБ идентификаторы
- 19001
- Редакция идентификаторы
- AI19001_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:28
0 Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
"Дәрілік заттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын мемлекеттік тіркеу кезінде айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын айқындау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2 2. Фармацевтикалық бақылау және дәрілік саясат басқармасы:
1 1) дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататыны туралы мәліметтер "Қазақстан Республикасының дәрілік заттар мемлекеттік тізімінің" базасына енгізіп отырсын;
2 2) дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататыны туралы ақпаратты арнайы баспасөз беттерінде ай сайын жарияласын.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның орынбасары Л.Ю.Пакке жүктелсін.
4 4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
0 Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын айқындау жөнінде нұсқаулық
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация, фармацевтика және
медицина өнеркәсібі комитеті
төрағасының
2004 жылғы 17 ақпандағы
N 26 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын айқындау жөнінде нұсқаулық
1
1. Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын айқындау жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі қарай - Нұсқаулық) халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыздандыруды жетілдіру және нормативтік құқықтық актілерді халықаралық заңнамалық кесімдермен үйлестіру, сондай-ақ дәрілік заттарды босату (сату) қатынасының бірыңғай бабын қабылдау мақсатында дайындалған.
2 2. Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын дәрілік заттарды сараптау және мемлекеттік тіркеу кезінде анықталады.
3 3. Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша және рецептісіз босатуға жататынын:
1 1) препараттардың фармакологиялық сыпаттамасын;
2 2) адам ағзасына жанама әсерлерін;
3 3) терапиялық және уытты дозаларының қатынас деңгейін ескере отырып анықтайды.
4 4. Дәрілік заттардың дәрігердің рецептісі бойынша босатуға оларды тағайындау және әрі қарай қолдану тұрақты түрде дәрігердің бақылауында жүргізілуі керек дәрілік заттар жатады. Оларға:
1
1) "Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға жататын, құрамында есірткілік құралдар бар заттар, психотроптық заттар, улы заттар мен прекурсорлар;
2 2) осы Нұсқаулыққа қосымшада келтірілген фармакологиялық топтардағы дәрілік заттар;
3 3) дұрыс қолданса да, бірақ медициналық қадағалаусыз, тұтынушылардың денсаулығына тікелей немесе жанама қауіп келтіретін дәрілік заттар;
4 4) құрамында әсерін және/немесе жанама әсерін әрі қарай зерттеуді талап ететін заттары бар дәрілік заттар;
5 5) парентералды тәсілмен енгізуге арналған дәрілік препараттар;
6 6) тек қана ауруханаларда қолдануға рұқсат берілген, немесе қолдануды қажет ететін дәрілік заттар, оның ішінде диагностикалық заттар жатады.
5 5. Дәрігердің рецептісіз босатылатын дәрілік заттарға:
1 1) өзінің қасиеттері бойынша осы Нұсқаулықтың 4 тармағымен белгіленген өлшемдерге кірмейтін;
2 2) репродуктивті уыттылығы, тұқым қуалайтын уыттылығы және канцерогендігі жоқ;
3 3) фармакологиялық сипаттамасында қанға, бауырға, бүйрекке, жүрек жұмысына теріс әсері жөнінде мәліметтері жоқ;
4 4) өндіруші-елінде немесе Еуропа Одағы елдерінде дәрігердің рецептісіз босатуға рұқсат берілген дәрілік заттар тізіміне кіретіндер жатады.
6
6. Дәрілік заттар айналымындағы мемлекеттік орган осы Нұсқаулықтағы 4 тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген фармакологиялық топтардағы дәрілік заттарды, егер олар өзінің сипаттамасы бойынша осы Нұсқаулықтағы 5 тармақтың 2), 3) және 4) тармақшасындағы өлшемдерге жауап берсе, рецепсіз босатуға жатқыза алады.
1 Рецептімен босатуға жатқызылған дәрілік заттардың фармакологиялық тобы
Дәрілік заттардың дәрігердің
рецептісі бойынша және рецептісіз
босатуға жататынын айқындау
Нұсқаулыққа қосымша
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармация, фармацевтика және
медицина өнеркәсібі комитеті
төрағасының
2004 жылғы 17 ақпандағы
N 26 бұйрығымен бекітілген
Рецептімен босатуға жатқызылған дәрілік заттардың фармакологиялық тобы
Рецептімен босатуға келесі фармакологиялық топтарға кіретін: