Құжат мәтініне өту

О присвоении наименования и переименовании некоторых организаций образования Западно-Казахстанской области

Қаулы · № 8-4 · қабылданған 14.12.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-190141/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О присвоении наименования и переименовании некоторых организаций образования Западно-Казахстанской области Қолданыста Қаулы ·№ 8-4 ·14.12.2023
14.12.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О присвоении наименования и переименовании некоторых организаций образования Западно-Казахстанской области

Қолданыста Қаулы ·№ 8-4 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О присвоении наименования и переименовании некоторых организаций образования Западно-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Батыс Қазақстан облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және атауларын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8-4
Қабылданған күні
14.12.2023
Көрсетілген редакция
14.12.2023 190141_672908.kaz
Соңғы өзгеріс
14.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23Z0000084
ЭКБ идентификаторы
190141
Редакция идентификаторы
190141_672908
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 14:52

0 Батыс Қазақстан облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және атауларын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына Батыс Қазақстан облысының келесі білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау жөніндегі ұсыныстар енгізілсін:

1 1) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «Жайық негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сәндібек Хаировтың есімін беру;

2

2) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Федоровка жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Ғұмар Қараш атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3

3) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Восход негізгі орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Ақсоғым негізгі орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

4

4) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Сырым Датұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

2 2. «Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы бірлескен қаулы мен шешімнен туындайтын қажетті шараларды алсын.

Қолданыстағы