О создании Совета по делам инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании Совета по делам инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер істері жөнінде Кеңес құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- а-3/53
- Қабылданған күні
- 09.03.2004
- Көрсетілген редакция
- 03.09.2009 19021_207106.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.09.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V04BC002362
- ЭКБ идентификаторы
- 19021
- Редакция идентификаторы
- 19021_207106
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:23
0 Мүгедектер істері жөнінде Кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы N 1758 "2002-2005 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы туралы" қаулысына, Ақкөл аудандық мәслихаттың Ақмола облысы әділет департаментінде 2004 жылғы 3 ақпанда N 2262 тіркелген, 2004 жылғы 8 қаңтардағы N№С4-4 "2004-2005 жылдары Ақкөл ауданында мүгедектерді оңалту бағдарламасын бекіту туралы"»шешіміне сәйкес, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және олардың қоғамдағы ықпалдастығын қолдау, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мүгедектер істері жөнінде аудандық Кеңес құрылсын (қосымша 1)
2 2. Мүгедектер істері жөніндей аудандық Кеңес туралы Ереже бекітілсін (қосымша 2)
3 3. Мүгедектер істері жөніндегі Кеңестің жеке құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге ұсынылсын.
4 4. Қаулының орындалуын бақылау, аудан әкімінің орынбасары М.С.Балпанға жүктелсін.
5 Ақкөл ауданы әкімдігінің
2004 ж.9 наурыз № а-3/53
қаулысына 1 қосымша
Мүгедектер істері жөніндегі аудандық Кеңестің құрамы
1.
Мұрат Сағатұлы
Балпан
аудан әкімінің орынбасары, Кеңестің төрағасы
2.
Айжан Кенжебайқызы Мананбаева
аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы, Кеңестің төрағасының орынбасары
3.
Бақыт Қалымтайқызы Сүлейменова
аудандық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы, Кеңестің хатшысы
Мүгедектер ісі жөніндегі Кеңестің мүшелері:
4.
Сара Нағұметқызы Ақтанова
ауданы АХАЖ бөлімінің меңгерушісі
(келісім бойынша)
5
Ахмет Мағзұмұлы Сейітов
Ақкөл қаласы әкімінің орынбасары
6
Жанайдар Хамитұлы Нұрымов
аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры
7
Ольга Юрьевна
Беляева
бюджеттік бөлімнің бастығы-аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары
(келісім бойынша)
8
Галина Ивановна
Репкина
аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
9
Күлбаршын Қашанқызы Жүнісова
клиникалық-диагностикалық поликлиниканың меңгерушісі
10
Игорь Александрович Алферьев
спорт бөлімінің бас маманы
11.
Иван Григорьевич Литвинов
аудандық еңбек және соғыс ардагерлері кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
12
Қарлығаш Қыстаубайқызы Қабенова
аудандық соқырлар қоғамының төрағасы (келісім бойынша)
13
Елена Викторовна Матвиенко
балалары бар мүгедек-әйелдер қоғамының төрағасы (келісім бойынша)
6 Ақкөл ауданы әкімдігінің
2004 ж.9 наурыз N№а-3/53
қаулысына 2 қосымша
Мүгедектер істері жөніндегі Кеңес туралы ереже.
7 Жалпы ережелер
1
1. Мүгедектер ісі жөніндегі Кеңес (бұдан әрі Кеңес) Ақкөл ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңес құрудағы мақсат мүгедектер мен кемтар балаларды әлеуметтік қорғау аясында мемлекеттік органдардың, қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қызметтерін үйлестіруді қалыптастыру.
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарын, 2003-2005 жылдары Ақкөл ауданында мүгедектерді оңалту бағдарламасын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.